Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды даму үстінде. Мәселен, өткен жылы ауданда 71,4 мың гектар егістік жер игерілген болса, ағымдағы жылы 71,5 мың гектарда ауыл шаруашылығы дақылдары өсірілуде. Оның ішінде: 46,3 мың гектарда дәнді дақылдар өсіру жоспарланса, бүгінгі таңда 46,3 мың гектарға дәнді дақылдар себілді. Бұршақты дақылдарды 119 гектарға орналастыру жоспарланса, жоспар 100 ℅ орындалып отыр. 895 гектар аумақта майлы дақылдар өсіру жоспарланған, бүгінгі таңда 480 гектар мақсары, 415 гектарға күнбағыс дақылы себілді. Бақша өнімдері 937 гектарға, картоп 3000 гектарға егілді, 10500 гектарға көкөніс өсіру жоспарланса, бүгінгі таңда 10501 гектарға көкөністер егілді. Бүгінгі таңда, шаруалар өнімдерін жинауға кірісіп кетті, атап айтқанда ашық алаңда өсірілген құлпынай және әлеуметтік маңызға ие 1022 тонна қырыққабат өнімін жинап, еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтуде. 2022 жылы суармалы егістіктен 478,0 мың тоннадан астам көкөніс жиналса, ағымдағы жылы 500,0 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. Бір алқаптан жылына 2 – 3 өнім алу жобасы ауданда 1765,3 гектар жерде жүзеге асырылуда. Мал азығын қамтамасыз ету бойынша 9746 гектарда мал азығы өсірілуде. «Ырыс» микро қаржы ұйымы тарапынан көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 30 агроқұрылымға 116,1 млн теңге көлемінде төмен пайызды несие берілді. Ауданда көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 4110 тн бағасы жеңілдетілген дизель отыны бөлініп отыр, бөлінген дизель отынын шаруаларға жеткізуші ретінде 3 – оператор облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан анықталған. 224 – агроқұрылым жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз етілуде. Ауданда орналасқан 683,2 га жылыжайдың бүгінгі таңда 651,3 га түрлі көкөністер өсірілуде, жыл қорытындысымен жылыжайлардан 100,0 мың тонна (2022 жылы – 92,0 мың тонна) көкөніс жиналады деп күтілуде. Сонымен қатар, жылыжайда өсірілетін өнімдерді әртараптандыру бойынша шаруаларымыз бірқатар еңбектер жасауда, нәтижесінде жылыжайда лимон, мандарин, құлпынай өнімдерін өсіруді қолға алып отыр. 2023 жылы ауыл шаруашылығы саласында 11 – инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 7,0 млрд теңгеден, тамақ өнеркәсібіне 600,0 млн теңгеден астам инвестиция тартылады деп күтілуде.