Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының өңірлік өнім көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша 129,1 млрд теңгені құрады. 2023 жылы бұл көрсеткішті 136 млрд теңге немесе 103,5 пайызға жеткізу жоспарлануда. Жалпы аудан бюджетінің кіріс жоспары 2 млрд 477 млн теңгені құраған. Өнеркәсіп саласында ауданда 20 кәсіпорын, оның ішінде 2 ірі және орта, 15 шағын және 3 қосалқы кәсіпорындар жұмыс атқаруда. Өнеркәсіп саласында 2022 жылы 41 млрд 480 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, 2023 жылы оны 46 млрд 126 млн теңгеге көтеру жоспары бар. Кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 8764, жұмыспен қамтылғандар саны — 16 699 адам. 2023 жылы 17 500 адам тұрақты жұмысқа ие болады деп жоспар құрып отырмыз. Кіші және орта бизнесті дамыту үшін 2022 жылы 6100 жеке азаматтарға 3 млрд 921 млн теңгенің несиесі берілді. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 23 млрд теңге инвестиция тартылған. 2023 жылы 28,6 млрд теңгені құрайды деп болжануда. Аудандағы бөлшек сауда көлемі 2022 жылы 13,4 млрд теңге болса, 2023 жылы бұл көрсеткішті 14,5 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Туризм бағытында 76 нысан демалыс аймағы, 64 саяжай қызмет көрсетеді. Олар: 1 шаңғы базасы, 4 емдік-сауықтыру орны, 71 демалыс аймағы. 2022 жылы 41 488 демалушылар келген. Ауыл шаруашылық саласының өнім көлемі 2022 жылы 61,6 млрд. теңгені көрсетті. Егін шаруашылығы саласында 24 млрд 446 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 2023 жыл 28 млрд 500 млн теңгеге көтеру, мал шаруашылығы саласында 37 млрд 238 млн теңгені құраса, 2023 жыл жоспарды 39 млрд 354 млн теңгеге жеткізуді көздеп отыр. Елді мекендердегі жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары 2022 жылы 8513 гектар жер болса, жоспар толығымен орындалды. Сондай-ақ, былтырғы жылы меморандум негізінде 22 151 гектар жер қайтарылды. Жалпы, 2022 жылы қайтарылған жер көлемі 30 664 гектар. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 9000 га, қазіргі кезде бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Аудандағы 55 елді мекеннің 54-і (98,2%) орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. 1 елді мекеннің (Жаңакүш) ауыз су құбырын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп, қаржыландыру үшін тиісті салалық басқармаға құжаттары ұсынылды. 2023 жылы мәселе шешімін тапса, аудан аумағы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылады. Аудан орталығы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Көктерек» су тазалау ғимаратының құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аудандағы 55 елді мекеннің 51-і орталықтанған табиғи газбен қамтылған. Бүгінге қалып отырған 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары шілде айына дейін аяқталып, жыл соңына дейін аудандағы 55 елді мекен 100 пайыз орталықтанған газбен қамтылатын болады. Ленгір қаласындағы кәріз жүйесіне қатысты мәселені шешу мақсатында «3-Кәріздік тазарту қондырғысының» (КОС-3) құрылысын жүргізу қолға алынды. Жоба құны 2,6 млрд теңгені құрайды. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 2 млрд 169 млн теңгені құрайтын Ленгір қаласы «Алатау» мөлтек ауданындағы 2,0 га жер теліміне 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, 29 елді мекеннің 73 көшесінің электр желілері және трансформаторлары ауыстырылады. Түнгі жарық. Ленгір қаласы мен 14 елді мекеннің 18 көшесіне 38,2 шақырым түнгі жарық орнатуға 105 млн теңге қарастырылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы 10 елді мекеннің 12 көшесіне құны 60 млн теңгені құрайтын түнгі жарықтандыру орнатылады. 22 ішкі көшелерді орта жөндеуден өткізуге 241 млн.тг., облыстық бюджет есебінен 232 млн. тг., 2 аудандық маңызы бар жол орта жөндеуден өткізу 50 млн қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. “Ауыл-Ел бесігі” жобасы аясында 2 елді мекеннің мекеннің 2 ішкі көшелерін орта жөндеуден өткізуге 60 млн қаржы бөлінді. 2023 жылы 17 елді мекеннің 18 ішкі көшесін орта жөндеуден өткізу 433 млн қаржы қарастырылды. “Ауыл-Ел бесігі” бойынша 7 елді мекеннің 29 көшесін орта жөндеуден өткізуге 835 млн теңге бөлінеді. Былтырғы жылы 4 елді мекенге 6,2 шақырым тас төселіп, 2023 жылы 2,4 млн теңге 1 елді мекеннің 0,5 шақырымына тас төселеді. Аяқ жол салу. 2022 жылы 5,4 шақырымға аяқ жол салынса, биылғы жылы 2.8 шақырым аяқ жол салу жоспарлануда. Су ағар орнату. 2023 жылы Жаңаұйым, Ұйымшыл, Мәдени елді мекендерінің 3,7 шақырымына су ағар (лоток) орнатуға 58,7 млн теңге қарастырылды. Тұрғын үй. 2022 жылы Ленгір қаласында 180 пәтерлі 9 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, нәтижесінде 10974 шаршы метр іске қосылды. 2023 жылы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, Ленгір қаласы І мөлтек ауданы аумағынан 9 дана 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысының құжаты қаржыландыру үшін салалық басқармаларға ұсынылды. Абаттандыру. Ленгір қаласындағы Төлеби — Ә.Бектаев көшелерінің қиылысындағы шатқалда, Ленгір қаласы 1 мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аудан бюджетінен 39,9 млн теңге бөлініп, елді мекендерді абаттандыру мен көркейту жұмыстары атқарылды. Білім саласы. Аудан аумағында 4 нысанның құрылысын жүргізілуде. Биылғы жылы қосымша «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 1 мектептің құрылысын жүргізуге қаржы бөлініп, 2023 жылы аудандық балалар музыкалық мектебіне қосымша ғимарат құрылысына 100 млн теңге, “Ауыл — ел бесігі” бойынша 1 мектепті күрделі жөндеуге 280 млн теңге қаржы қаралды. Жұмыспен қамту. Аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны 48,6 мың адам Жұмыспен қамтылғандар 46,2 мың адам. Жұмыссыздар саны 715 адам. Жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады. Жалпы әлеуметтік салаға 2023 жылы 2 млрд 483млн теңге қаржы қаралса, оның ішінде алеуметтік пакетке 75,4 млн теңге, атаулы әлеуметтік көмекке 455,7 млн теңге, қоғамдық жұмыстарға 579,6 млн теңге, жаңа бизнес–идеаларына арналған гранттарға 124,2 млн теңге, «Жастар практикасы», «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары жүзеге асуда. Денсаулық сақтау саласы. 2022 жылы Алғабас, Екпінді және Жамбыл елді мекендерінде фельдшерлік-акушерлік пункті құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. 2023 жылы Кеңесарық, Зертас, Жаңажол, Диханкөл елді мекендерінде 4 фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысына, Аққұм елді мекенінде 1 дәрігерлік амбулатория құрылысына жоба-сметалық құжаттама әзірленуде. Мәдениет ошағы. Былтырғы жылы аудан аумағында 994 мәдени іс-шарасы өткізілді. Аудан өнерпаздары облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардан 5 — бас жүлде, 4- І – орын, 7- ІІ – орын, 7- ІII – орындарды иеленді. Қазіргі кезде, мәдени ошағы жоқ Аққұм және Киелітас ауылдық округтерінде ауылдық мәдениет үйлерінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Қайнар, Қаратөбе елді мекендеріндегі ауылдық клубтарын және аудандық мәдениет үйінің үлкен залын ағымдағы жөндеуге 23,4 млн теңге қаржы қаралды. иеленді. «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында Бірінші Мамыр елді мекенінде заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенінің және футбол алаңшасының құрылысына Ұлттық қор есебінен қаржы қарастырылды. Кешеннің құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Зертас елді мекенінен құны 517,8 млн теңгелік спорт кешендерінің жоба-сметалық құжаттамасының оң қорытындысы алынып қаржыландыруаға ұсынылды. Жалпы құны 926 млн теңгелік Көксәйек елді мекенінен кешенінің құрылысын бастауға 2023 жылға 350 млн теңге қаржы қарастырылды.