Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мәселелері басты назарда тұр бүгінде. Бүгінде жұмыс істеймін деген жандар үшін мемлекет тарапынан қолдау бар. Қарапайым халықтың тіршілігі түгенделіп, тұрмысы жандану үшін арнайы сала-салаға бөлінген мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Биыл мал шаруашылығын субсидиялауға 107,6 млрд теңге бөлу көзделген, оның ішінде етті мал шаруашылығына 42,2 млрд теңге бөлінді, бұл жалпы соманың 39%-ы. Былтыр етті мал шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемінде субсидиялаудың бұл түрлерінің үлесі небәрі 4,5% немесе 2,3 млрд теңгені құрады. Бүгінде мал шаруашылығымен айналысуға бет бұрушылар көп. Мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отырғандар да жетерлік. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық бөлімінің рұқсат құжаттарын рәсімдеу маманы, Жеке кәсіпкер Омар Нұрбол Жәнібекұлына малшы үйі және қора жай салу үшін берілген жер теліміне, техникалық шарттар, сәулет жоспарлау тапсырмасы құжаттарын рәсімдеді. Рұқсат құжаттарын алу қызметі барысында әкімшілік кедергілерді болдырмау және кәсіпкерлердің уақытын үнемдеу мақсатында жасалынған Орталық маманының қызметіне, кәсіпкер алғысын білдіріп, жұмысымызға сәттілік тіледі.