Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында жергілікті бюджеттің кірістері мен шығысының биылғы жылғы 4 айда жоспары 4 млрд 319 млн теңгенің 4 млрд 311 млн теңгесі игеріліп, 99.8 пайызға орындалды. Оның ішінде: бюджеттің салықтық түсімдер 0,9 млрд. теңге, субвенция 1,2 млрд. теңге, ал нысаналы трансферттер 2,0 млрд. теңге (ағымдағы нысаналы трансферттер 1,1 млрд. теңге; нысаналы даму транферттері 0,9 млрд. теңге). Осы жылы жалпы ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өндірілетін өнімнің көлемін 86,9 млрд. теңгеге (оның ішінде: мал шаруашылығы 16,3 млрд.теңге, өсімдік шаруашылығы 70 млрд. тенге) жеткізу жоспарланып, 4 айдың қорытындысымен 6,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты индекс көлемі 105,3 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылы жалпы 60,9 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу, оның ішінде, мақта дақылын 36,3 мың гектар, көкөністер 1,3 мың гектар 22,3 мың гектарға және тағы басқа көп жылдық жеміс екпелері, бақша және мал азықтық дақылдары егілген. Егін шаруашылығында өнімділік көлемін 2-3 есеге ұлғайту мақсатында әр ауылдық округтерде жаңа технологияларды енгізе отырып, бір жыл ішінде 2 өнім алу әдісімен 992 гектар алқапқа, 300-ден астам шаруа қожалығы тарапынан көкөніс дақылдарын отырғызу шаралары ұйымдастырылды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылдың 12 айында 16,0 млрд. теңгені құраса, 2023 жылдың 4 айында бұл көрсеткіш, яғни 13,9 млрд. теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 2022 жылдың 12 айында 13,7 млрд. теңгені құраса, 2023 жылдың 4 айында 12,4 млрд теңгеге жетті. Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 2022 жылдың 12 айында 17,8 млрд. теңгені құраса, 2023 жылдың 4 айында 6,2 млрд теңгені құрап отыр, тиісті кезеңмен салыстырғанда 158,7 пайызға орындалып отыр. «Мырзакент кенті Мадиходжаев көшесі бойынан, Мақтаарал ауданының дербес бөлімдері үшін әкімшілік ғимарат құрылысы» нысанына Мердігер мекеме: «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС. Конкурстық құны: 800 млн теңге. (Аталған құрылыс нысанына 2021 жылға «Облыстық бюджет» есебінен 50 млн теңге қаржы қаралып, толық игерілген. 2022 жылға 400 млн теңге қаржы қаралып, толығымен игерілген). Құрылыс нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарын 2023 жыл маусым айында толығымен аяқтап пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Аталған құрылыс нысанына 2023 жылға облыстық бюджеттен толық қаржысы (қалдық 350 млн теңге) қаралып, қазіргі таңда 140 млн теңге игерілген. «Мырзакент кентіндегі №2 әкімшілік ғимаратының құрылысы» нысанына мердігер мекеме: «Бархан 5» ЖШС, конкурстық құны: 239 млн теңге. 2022 жылға 69 млн теңге қаржы қаралып, толық игерілген. Аталған құрылыс нысанына 2023 жылы жергілікті бюджеттен толық қаржысы (қалдық 169,1 млн теңге) қаралып, қазіргі таңда 116 млн теңге игерілген. Нысанды пайдалануға тапсыру ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарлануда. «Мырзакент кентіндегі Орталық Саябақты реконструкциялау» нысанына мердігер мекеме: «ГрадСтройСервис» ЖШС, конкурстық құны: 596,4 млн теңге. Нысан 2023 жылға өтпелі, нысанға қаржы қаралмаған.