Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қалдыкөзов Нұрбай, Жігерген а/о әкімі Сүлейменов Қалижан, жер маманы Себаев Жандар марокколық шегірткеге қарсы күрес жұмыстары барысын бақылады.Бүгінде бұл жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Мамандардың берген мәліметі сүйенсек бүгінгі күнде Қазығұрт ауданы бойынша үйірлі аса қауіпті марокко шегірткелеріне қарсы күрес тоқтаусыз жүргізілуде. «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Түркістан облысы Қазығұрт аудандық филиалы («РФД және БӘО» РММ) мамандарының өткен жылғы күзгі зерттеулері бойынша 2023 жылы аудан көлемінде үйірлі аса қауіпті марокко шегірткелерінің 6880 га болжамдық ошақтары анықталған. Яғни 6880 гектарға аталған зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Олар; 1) Шарбұлақ а/о – 410 га, 2) Тұрбат а/о – 520 га, 3) Қақпақ а/о – 200 га, 4) Сарапхана а/о – 152 га, 5) Алтынтөбе а/о – 100 га, 6) Жаңабазар а/о – 200 га, 7) Жігерген а/о – 4545 га, Шанақ а/о – 553 га, 9) Қ.Әбдалиев а/о – 200 га. Бүгінгі таңда «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Түркістан облысы Қазығұрт аудандық филиалы («РФД және БӘО» РММ) мамандарының марокко шегірткесі дернәсілдерінің таралуына көктемгі зерттеу жұмыстарының 21.05.2023ж күнгі мәліметіне сай эканомикалық зиянды шегінен асқан 3 587 гектар анықталды Олар; 1) Тұрбат а/о – 372 га, 2) Сарапхана а/о – 152 га, 3) Жаңабазар а/о – 50 га, 4) Жігерген а/о – 1490 га, 5) Шанақ а/о – 553 га. Бүгінгі күні Қазығұрт аудандық инспекция мамандары аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы жүйелі жұмыс жүргізе отырып, үйірлі аса қауіпті марокко шегірткелерінің 6880 га болжамдық ошағынан 2 617 га жер химиялық өңдеуден өтіп, бүгінгі таңда химиялық өңдеу өткізілетін жердің аудан бойынша жалпы көлемі 4 063 гектар жерді құрайды. Соның ішінде Жігерген а/о анықталған марокколық шегірткенің ошақ алқаба 4 500 га құраса, анықталған экономикалық зиянды шегі 2 460 га, ал химиялық өңдеуден өткен жердің жалпы көлемі 1490 га жетіп, химиялық өңдеуді қажет ететін аумағы 3010 га азайған. Жалпы жұмыс процесі қарқынды жүруде, аудандық болжам орталығының басшысы Нуркулов Сапар Ақниет маманы және қоғамдық жұмыспен тартылған ауыл тұрғындарынан тұратын 4 анықтаушымен бірге күніне 9 га — 30 га дейін жүріп, шегірткелердің ошақтарын анықтауда. Аумақтық инспекция бас маманы Қожақұлов Асылбек Жетісайдан көмекке келген аумақтық инспекция маманы, 3 (уазик) дәрілеу техникаларын жұмылдырып қарқынды жұмыс атқаруда. Ауыл шаруашылығымен айналысатын дихандар марокко шегірткелерінің қаншалықты қауіп келерін біледі. Сондықтан да жүргізіліп жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіруде. Аса қауіпті зиян кестермен күресуде үлкен жауапкершілікті сезініп, Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі атқарылған жұмысты өз бақылауында ұстап отыр.