Түркістан облысына қарасты Арыс қаласында кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз гранттар бағдарламасы енгізілді. 2022 жылы 475 үміткер қатысып оның 114 -ті (1.225.200 теңге) грант алды. 68 жастарға, 46 әлеуметтік осал топтарға берілді. Олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек етуде. Қазіргі таңда жоспар бойынша 114 адам дара кәсіпкерлік ашып кәсіптерін жасап,137 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. Арыс қаласы бойынша «Қамқорлық» бағдарламасы аясында және де аз қамтамасыз етілген отбасыларға демеушілер есебінен (Қолғабыс қоры мен демеушілер есебінен)жалпы 193,3млн. теңге көмек көрсетілді.Оның ішінде демеушілер есебінен6 отбасына 48,0 млн теңге көлемінде,7 отбасыға мемлекет тарапынан жеке тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Азық-түлік көмек түрінде 2731 отбасына 67,8 млн. теңге көлеміндеқаржылай көмек 61 отбасына 1,5 млн.теңге, қатты отын 75 отбасына 2,0 млн. теңге, киім-кешек пен 161 отбасына 1,9 млн теңге көлемінде және 74,0 млн.теңгеге басқа көмек түрлері көрсетілді. Арыс қаласы орталықтандырылған ауыз су құбырмен 99% қамтылғаны; Өткен жылы қаладағы 16 көше, 3 тұрғын ауданға жаңадан ауыз су құбырлары құрылысы жүргізілді (жобалық құны 919 млн тенге, 2023 жылға өтпелі, қосымша 418 млн теңге қажет). Қаладағы 33662 тұрғынды жер асты ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған тозығы жеткен жоғары қысымды су магистралдық құбырын жаңа 12,6 шақырым құбырға ауыстыру құрылыс жұмыстары басталды (құны 2065,4 млн тенге, 2023 жылға 565,4 млн тенге). 3 е.м.тозығы жеткен су жүйелеріне күрделі жөндеуге, 5 е.м. жаңадан су жүйелерін жүргізуге, қаладағы 11 000 тұрғынды жаңадан су құбырымен қамтамасыз ететін ЖСҚ-лар дайындалды. Жалпы саны – 18 жоба. 2023 жылы Ұзындығы 12,6 шқ магистралды су құбыры құрылысын аяқтап, пайдалануға беру. (құны 2065,1 млн тенге). Қаладағы 3 тұрғын ауданда (Саяжай 1,2, Алатау) 16 көше, жаңадан су құбырларының құрылысын аяқтап, пайдалануға беру. Қамтылатын халық саны – 7418 адам. 2 е.м. (Шағыр, Ақтас) жаңадан ауыз су жүйесі құрылысы басталады. 18 жобаның сараптамадан қорытындысын алу. 1 жоба демеушілер есебінен әзірленуде. Қаладағы тұрғын үйлердің 33,3% орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Кәріз жүйесімен коммуналдық меншіктегі «Ақаба Сервис» ЖШС-і қамтамасыз етеді. Мекеме теңгерімінде 7 су айдау станциясы, 38,2 шқ кәріз құбырлары, 2 су тазалау станциясы бар. «Тараз» тұрғын ауданына жаңадан кәріз жүйесін жүргізу құрылыс жұмыстары басталды. (жоба құны 802,1 млн тенге). Алайда, сот органдарымен (Жоғарғы сот) жұмыстар уақытша тоқтатылды. Арыс қаласында демалыс орындары-15.(саябақтар-5, аллея-2, сквер-5, арбат-1, мемориал-1, монумент-1) Футбол алаңшалары-25, ойын алаңшалары-12, спорт алаңшалары-5. Сырдарья елді мекенінде «С.Адамбеков» атындағы саябағы қолданысқа берілді;«Бірлік» монументінің ЖСҚ-сы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды;«Жұлдыздар» аллеясының ЖСҚ-сы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды; Ағымдағы жылы “Ауыл — ел бесігі” жобасы бойынша 2 елді мекенде 23 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі (Атамекен және Сырдарья елді мекендері). Талдықұдық тұрғын ауданының ішкі көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізіледі. Жергілікті бюджеттен Арыс қаласында 10 көшеге, Қожатоғай е/м 2 көшеге, Шағыр е/м 2 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі; Қала бойынша 10 дана автобус аялдамаларын орнатылады; Қала аумағындағы 3 көшеге жарықтандыру жұмыстарын жүргізіледі. Кепілдік мерзімі шегінде бүлінген жолдарды мердігер есебінен қайта қалпына келтіру.