Түркістан облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басты міндетіне облыс аумағындағы жер заңнамаларын бұза отырып заңсыз пайдаланып жатқан жерлер мен заңсыз табысталған жергілікті атқарушы органдарды қаулылары мен шешімдерін тексеріп, әкімшілік айыппұлдар салып, заң бұзушылықтарды жоюға нұсқамалар беру, талап-арыздармен жерлерді сот арқылы мәжбүрлеп мемлекетке қайтару бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жатады. Тексерулер ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес, Басқармаға келіп түскен арыз-шағымдар мен хаттардың негізінде жүргізіледі. ҚР Жер кодексіне 04.05.2018 жылғы №151-VI ҚРЗ жаңа Заңмен енгізілген өзгерістерге сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру функциясы аудандық, қалалық (қалалардағы аудандардан басқа) әкімдердің құзыретіне беріліп, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР жер ресурстарын басқару комитетіне берілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 28 наурыздағы пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз пайдаланып жатқан ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтару бағытында берген тапсырмасы негізінде, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетімен Түркістан облысы бойынша пайдаланбай жатқан немесе заңсыз пайдаланы жатқан 500,0 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланып, берілген тапсырмаға сәйкес, аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп 521,7 мың га (518,6 мың га жайылым, 3,15 мың га га егістік) жер учаскесі артығымен мемлекет меншігіне қайтарылды. Аталған жұмыс, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдың 2022 жылғы 03 және 12 мамырдағы хаттамалық тапсырмасымен, Түркістан облысының аумағындағы пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы мақсатындағы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді алып қою жөніндегі құқық қорғау және уәкілетті органдарының қатысуында ведомствоаралық кіші топ құру туралы облыс әкімінің 08.06.2022 жылғы № 1-32-н/қ өкімі негізінде бірлесіп жүргізілді. Ортақ жайылым жерлерді қайтару жұмыстарының барысы туралы облыстық жер қатынастары басқармасының мәліметі бой»ынша: Жалпы облыста 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жайылым жердің жалпы аумағы 8 млн. 860,4 мың гектарды құрайды. Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар үшін жайылым жер жеткілікті. Негізгі мәселе, елді мекендердегі жұртшылық шаруашылығындағы мал басына қажетті ортақ жайылымның тапшылығында болып отыр. 2021 жылы аудан, қалалар кесіндісіндісі бойынша 174 ауылдық округтердегі 841 елді мекендер бойынша талдау жасалынып, жайылым тапшылығы – 3867,8 мың гектарды құраған. Облыс бойынша ортақ жайылымның көлемі 748,0 мың гектарды құрап, 70 ауылдық округ (247 елді мекен) қамтамасыз етіліп, 2022 жылдың 1 қаңтарына жайылым тапшылығы 3119,8 мың га құрады. Алайда, 3119,8 мың га жайылым қажеттіліктің 35,4 % -дан астамы (1105,7 мың га) жайылымдық алқаптары жок 3 ауданға тиесілі. Атап айтқанда, Жетісай (тапшылық 383,6 мың га) және Мақтаарал (тапшылық 251,0 мың га) аудандарында ауыл шаруашылығы жерлерінің 95% -ын суармалы жерлер құрайды , ал осы аудандардағы жайылымдардың жалпы ауданы бар болғаны 2,2 мың га. Ал, Сайрам ауданының жайылым тапшылығы 471,1 мың га болса, ауданның жалпы жайылым келемі 31,7 мың гектарды ғана құрайды. 2022 жылға елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін 1012,0 мың га ұлғайту жоспарланып, қосымша 42 ауылдық округтерді (164 елді мекен) ортақ жайылыммен қамтамасыз ету көзделген. Жылдың соңында елді мекен тұрғындары 1034,8 мың га (жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жолымен 412,2 мың га; ірі жер пайдаланушылар мен (орман қорын қоса алғанда) меморандум арқылы (622,6 мың га) ортақ жайылыммен қамтамасыз етiлiп, жоспар 102,3 пайызға орындалды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2023 жылға жалпы жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құрап отыр. Осыған байланысты 20 жылға ортақ жайылым көлемін ұлғайту жоспарының жобасы әзірленіп, аудан, қала әкімдіктерімен нақтылануда. Ортақ жайылыммен қамтамасыз ету бойынша төмендегі шараларды атқару көзделуде: I- Бағыт — Жер пайдаланушылардың өз еркімен мемлекет меншiгiне қайтару; — 2022 жылы меморандум түзілген жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару; -Қажеттілікке байланысты елді мекен маңындағы жайылымдарды мемлекет мұқтажы үшін қайтару; ІІ-Бағыт — Жеке қосалқы шаруашылықтардағы шағын мал бордақылау алаңдарын ашу; — кооперативтерге біріктіру арқылы елді мекендегі мал бастарын шалғайдағы маусымдық жайылымдарға шығаруды ұйымдастыру; — ҚР Президентінің Жолдауындағы ауылдардағы шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 2,5 пайызбен несие беру тапсырмасына сәйкес, жайылым қоры шектеулі аудандарда отбасылық сүт фермаларын және мал бордақылау алаңдарын құру бағыттарында жұмыстар жүргізу. Қазіргі таңда, жоғарыда аталған бағыттар (отбасылық сүт фермалары, мал бордақылау алаңдары) бойынша аудан, қала әкімдіктері тарапынан әр-бір елді мекен кесіндісінде зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылық жерлеріне мониторинг жүргізу және қайтару. Пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылық жерлерін космомониторинг құрылғылары арқылы анықтау жұмыстары биылдан бастап жүргізілуде. Департаментпен аудан,қала әкімдіктері бекіткен жер балансы есебінің экспликациясында тіркелген жер пайдаланушыларда мал басы тіркелгені туралы ИСЖ базасымен салыстыру нәтижесінде 4386 жер пайдаланушының 673 462,2 га жеріне мал басы тіркелмегені анықталып, жер пайдаланушылардың тізімін аудан қала әкімдеріне анықтап, пайдаланбай жатқан жерлерді қайтару бағытында жұмыстар жүргізу жөнінде хат жолданды. Сонымен қатар, биылғы жылы Жер кодексінің 145-1 бабына енгізілген өзгерістерге байланысты, ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның космостық мониторингі бойынша 4543 жер пайдаланушының 560 801,6 га жерлері пайдаланбай жатқаны анықталды. Оның ішінде, жүктемесі 20 пайыздан төмені 302 832,9 га немесе 54,2 пайыз. Пайдаланбай жатқан жерлерді қайтару, соның ішінде сот тәртібімен қайтару: 2022 жылы заңсыз табысталып пайдаланбай жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп мемлекетке қайтару үшін сотқа 96 талап-арыздар беріліп, жер көлемі 5482,3 га га, 45 талап арыз қанағаттандырылып 4756,1 га жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Соның ішінде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 25 жер иелерінің (Кентау – 1079 га, Келес -290 га,Түлкібас -2415,8 га, Ордабасы-868 га, Сайрам-97 га, Мақтарал -1,7 га) көлемі 4751,6 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Қалған талап арыздар қаралуда. Бұдан бөлек аудан, қала әкімдіктері 123 конкурстар өткізіліп, 66 663,4 га жеручаскелері жалға берілген. Соның ішінде, Бәйдібек, Шардара аудандарымен Кентау қаласында 31 жер учаскелері алаңы 2742 га заң талаптарын бұза отырып табыстағандығы анықталып, аудан, қала әкімдеріне қаулы, шешімдеріне (алаңы 706,2 га) қатысты 13 тексерулер жүргізіліп, 13 (Сарыағаш 2 — 200 га, Бәйдібек 1 — 122 га, Қазығұрт 1-7 га, Сайрам 1- 2,8 га, Түлкібас 1-148,7 га, Шардара 1-14,1 га, Созақ 2-16,7 га, Арыс 2 – 33 га, Кентау 2-161 га) нұсқама беріліп, 3 орындалды (Қазығұрт 1-7 га, Созақ 2-16,7 га,), 8 орындау мерзімі бар (Сарыағаш 2 — 200 га, Сайрам 1- 2,8 га, Шардара 1-14,1 га, Арыс 2 – 33 га, Кентау 2-161 га), 2 – ӘҚБтК 462 баппен сотта қаралуда (Бәйдібек 1 — 122 га, Түлкібас 1-148,7 га). Тексерулер бойынша: Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментімен 93 тексеру жүргізіліп, 38 нұсқама берілді. Аудан, қала әкімдіктерімен жер қатынастары бөлімдеріне – 63 ( 1722,5 га) тексерулер жүргізіліп, (9 лауазымды тұлғаларға 415,1 мың теңге айыппұлдар салынды), 32 нұсқама табысталды. Оның ішінде: — мемлекет мұқтажы үшін алу туралы ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының талаптары бұзылған 4 нұсқама, 11 жер учаскесі — 49,5 га. (Төлеби 1- 27 га, Түркістан қаласы 3 (10) — 22,5 га); — заң талаптарын бұза отырып жеке тұрғын үй құрылысы үшін табысталған 6 нұсқама 352 жер учаскесі — 28,76 га. (Сарыағаш 1 (336)-26,8 га, Мақтарал 1-0,24 га, Ордабасы 3 (14) -1,6 га. Төлеби 1-0,12 га, ); — конкурс, талабын бұза отырып табысталған 18 нұсқама, 825,24 га. (Сарыағаш 3 — 200 га, Бәйдібек 1 — 122 га, Қазығұрт 1-7 га, Сайрам 1- 2,8 га, Түлкібас 1-148,7 га, Шардара 3-43,3 га, Созақ 2-17,94 га, Арыс 2 – 33 га, Кентау 2-160,5 га); — аукцион, талабын бұза отырып табысталған 4 нұсқама, 15 жер учаскесі 54,3 га. (Жетісай 2 – 2,3 га, Сауран 1 – 1,1 га, Түркістан (СПК) 1 (13)-50,9 га); оның ішінде — 1 орындалды (Жетісай 1-2,3 га,), 1 мәжбүрлеп қайтару жөнінде сотта қаралуда Сауран 1-1,1 га), 1 (13) – ӘҚБтК 462 баппен сотта қаралуда (Түркістан 13-50,9 га). Жеке және заңды тұлғалар бойынша 23 (алаңы 7310,45 га) тексеру жұмыстары жүргізіліп, ӘҚБтК 137 бабымен 3 лауазымды тұлғаға (Ордабасы ауд Шұбарсу а/о, -1, Созақ ауд әкім орын -2, жер қатынастары- 2, Төлеби ауд Қасқасу а/о -1); ӘҚБтК 338 бабы 3 (Бәйдібек -2-6300 га, Арыс -1-450 га); ӘҚБтК 802 бабына сәйкес тексеру тағайындамай 20 (ӘҚБтК 136 бап -3 – 61,5 га, ӘҚБтК 337 бап -5 – 347,2 га, ӘҚБтК 339 бап -12 – 151,8 га) «Азаматтарға арналған Үкімет» МК АҚ қатысты 7 (алаңы 327,9 га) тексеру жұмыстары жүргізіліп, 6 нұсқама (алаңы 327,5 га) берілді. (Төлеби 1-беттесу, Созақ 1- жылжыту, шекарасын өзгерту, Кентау 1- заңсыз бөліп жылжытып орналастрыу, Түркістан 3 — жер учаскесін жылжытып орналастыру) Қайта бақылау тексеру нәтижесімен нұсқаманы орындамағаны үшін 4-нұсқама бойынша ӘҚБтК-ң 462 бабымен әкімшілік айыппұл салынып, сотқа берілді. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты азаматтардан 1209 арыз-шағым түсіп, қаралу нәтижесімен 72 тексеру тағайындалды. Арыз-шағымдарды талдау нәтижесі: жалпы: 1209, қанағаттандырылғаны 604, түсіндірме берілгені 457, құзыретіне сәйкес құзырлы органға жолданған 34, қаралуда 114 арыз шағым қаралуда. Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне 2021-2022 жылдары аралығына келіп түскен арыз-шағымдары негізінде аудан қала, ауыл әкімдіктеріне және аудандық жер қатынастары бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты Қазақсатан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 137 және 462 баптары бойынша әкімшілік шаралар қолданылған. Олар: Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, Сарыағаш аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, Келес ауданы әкімінің орынбасары, Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімінің бас маманы, Сарыағаш қаласының әкімі, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары, Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, Созақ ауданы әкімінің орынбасары, Созақ аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы, Түркістан қаласының әкімі, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылдық округінің әкімі, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округінің әкімі, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары. Сонымен бірге, келіп түскен арыз-шағымдармен құқық қорғау органдарынан келіп түскен хаттардың негізінде лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қоғау бойынша жолданған қорытындылар. Олар: Балықты ауылдық окургі әкімдігі, Түлкібас аудандық жер қатынастары бөлімі, «Азаматтарға арналған Үкімет» МККЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Түлкібас аудандық бөлімі, Төлеби ауданы әкімдігі, Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі, «Азаматтарға арналған Үкімет» МККЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Төлеби аудандық бөлімі, Түркістан қаласы әкімдігі, «Азаматтарға арналған Үкімет» МККЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Түркістан қалалық бөлімі, Сарыағаш аудандық жер қатынастары бөлімі, «Азаматтарға арналған Үкімет» МККЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Саырағаш аудандық бөлімі, Көктерек кенті әкімдігі, Шардара ауданы әкімдігі, Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі, «Азаматтарға арналған Үкімет» МККЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Шардара аудандық бөлімі, Түлкібас ауданы әкімдігі. Проблемалық мәселелер: — аудан, қала әкімдері тарапынан ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы табыстау кезінде, заң талаптарын сақтамау (Бәйдібек, Келес, Шардара аудандары); -өндірістік кооператив мүшелерінің келісімінсіз заңсыз кооператив жерлерін сатып жіберу, заңсыз құрылыстар жүргізу, кооператив мүшелерін тізімнен шығарып тастау (Сайрам ауаны (Қайнар Астық ӨК), Төлеби ауданы (Ақбұлақ ӨК), Бәйдібек, Сарыағаш ауданы) азаматтардың жоғары органдарға шағымдануына әкеліп отыр. -ауыл шаруашылығы жерлерін заңсыз қазып, құм, тас, кірпіш, шлакоблок өндіру (Сайрам, Сауран,Ордабасы, Шардара, Келес); -ауыл шаруашылық жерлеріне заңсыз жеке тұрғын үй және заңсыз құрылыстар жүргізу (Сайрам ауданы Қарабұлақ елді мекенінде 1387 тұрғын үй, 27 мал қора, мал базары салынған. Түлкібас ауданы Машат елді мекені аумағында мал базары салынған); -ауыл шаруашылығы жерлерінің шекарларын заңсыз қазып қоршау (Арыс, Бәйдібек,Қазығұрт, Сарыағаш,Келес,Ордабасы, Сайрам, Төлеби); — мақта зауыттарына жерлерін кепілдікке қойып, несие алып қайтара алмаған, соның ішінде несиелері қайтарылған шаруалардың да жерлері аукционда сатылып кеткен. Бүгінгі күні шаруалар жерлерін даулап Үкіметке дейін шағымдануда (Шардара, Мақтарал, Жетісай); -Төлеби ауданы Біркөлік, Ақмешіт, Сайрамсу, Қасқасу өзендерінің қорғау аймақтарынан демалыс орындарына жер учаскелері заңсыз берілген; -мемлекеттік мұқтаждыққа алынбай заңсыз жер учаскелерін мемлекетке қайтару, сондай-ақ мемлекеттік мұқтаждыққа алынған жерлерге қаржы төленбеу (Түркістан, Кентау); -жалған шешімдермен жер учаскелерін табыстау (Түркістан, Сауран, Сайрам).
Алтынбек Мырзаев, Түркістан облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы, Бас мемлекеттік инспектор