Бүгін Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліс Абай облысында орман өртін сөндіру барысында қаза тапқан 14 азаматты бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Жиынның күн тәртібіндегі мәселе елді мекендер мен кенттерді абаттандырып, жол бойындағы үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың қасбетін ретке келтіру бойынша аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәулет Құдайбергенов хабарлап, бүгінде жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті тұрақтандыру, ауыл шаруашылығын дамыту, жұмыспен қамту шаралары секілді бірқатар мәселелер кеңінен талқыланып, халықпен кездесу барсында тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелердің орындалу барысы пысықталды. Аудан басшысы әр салаға жеке-жеке тоқталып, атқарылу керек жұмыстарды жан-жақты саралады. Аталған мәселелер бойынша ауыл, кент округ әкімдері мен жауапты бөлім, мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді. Арнайы уақытын белгілеп, сол уақыт аралығында орындалу барысын бақылауда ұстайтынын ескертті.