Экономика Кәсіпкер несие қаржысына Ақмола облысынан 16 бас сауын сиырлар әкелген Редактор 14.06.2023 17606 1 оқу мин Түркістан облысына биыл «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 20 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бүгінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей қадағалауымен аталған жобаны үйлестіру, тұрғындардың кәсіп ашуына қолдау көрсету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. «Ауыл аманаты» жобасы аясында пилоттық жобаға қатысқан Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі бойынша 20 азамат несие алуға өтінім жолдаған. Бүгінгі күнге 10 азаматтың жобалары облыстық комиссия қарауынан өтіп мақұлданған. Несиелендірілген азаматтар ішінде облыс бойынша бірінші болып несие алып, өз кәсібін ашқан – Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Тұрар Сүлейменов. Кәсіпкер өз жобасын іске асыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сүт бағытындағы мал шаруашылығы бойынша 8,6 млн теңге несие алуға мүлкін кепілге қоя отырып, өтінім жолдаған. Нәтижесінде облыстық комиссияның оң шешімімен 8 млн. теңге қаржы берілген. Кәсіпкер несие қаржысына Ақмола облысынан 16 бас сауын сиырлар әкелген. Бүгінгі күнде әр сиырдан 10 литрден сүт алып, «Натур Продукт» ЖШС-не өткізуде. Кәсіпкер өз кәсібін дамыту аясында алдағы уақытта мал басын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 11277 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 8891 Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 59657