Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫЖАЙҒА ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ Редактор 07.08.2023 13695 1 оқу мин Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыжай шаруашылықтарын қолдау күшейтілді. Облыс басшысы бұл салаға жан-жақты қолдауды күшейтіп, жаңа жобалардың жүзеге асуын толық бақылауында ұстап отыр. 2024 жылдан бастап жылыжайларда пайдаланылған электр энергиясы мен газ шығындары ішінара субсидиялаудың қарастырылады. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен жылыжай қауымдастығы және қоғам белсенділерінің қатысуымен жылыжай шаруашылықтарын қолдау мәселелері талқыланды. Тиісінше, «Фермерлік жылыжайларға жалпы техникалық талаптарының мемлекеттік стандарты» бекітіліп, өнеркәсіптік жылыжайлармен қатар, фермерлік жылыжайларда субсидияланады. Бұл бағытта фермерлік жылыжайларды мемлекеттік стандарттаудан өткізу мақсатында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілдері және облысы әкімдігінен жұмыс тобы құрылып, жылыжай шаруашылықтарына түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Айта кетейік, жалпы Түркістан облысында 1 517 гектарды құрайтын 3 366 бірлік жылыжайлар бар. Оның ішінде: 87,2 гектар 26 бірлік өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлар және 1 429,8 гектар 3 503 бірлік фермерлік жылыжайлар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 25656 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 45174 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 58089