Жуырда ОҚО-на қарасты Бәйдібек ауданында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар бойынша «Ашық есік» күні өткізілді. Бұл шараны аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Жанғазиев жүргізіп отырды. Күн тәртібіне қойылған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге арналған тестілеудің жаңа бағадрламасы бойынша түсіндірме жұмыстары туралы аудандық персоналды басқару бөлімшесінің басшысы А.Атемовтың, ал аудандағы жұмыссыз азаматарды есепке алып, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру туралы аудандық жұмыспен қамту орталығынң директоры Б.Өтегеновтің баяндамалары тыңдалды. «Ашық есік» күніне аудан әкімдігіне қарасты ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің, аудандық жұмыспен қамту орталығының, «Қоғамдық келісім және жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері және ауылдық округтерден жоғары оқу орнын бітірген жұмыссыз азаматар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аталған шара «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 1-ші қадам, яғни, мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту, 2-ші қадам яғни, төменгі лауазымдарға кандидаттардың реттеу және одан әрі лауазымдық өсу сынды қадамдарға үн қату болып табылады. Аталған шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.