ОҚО-дағы іргелі аудандардың бірі Түлкібас ауданының бүгінде экономикалық көрсеткіштері көтеріліп келеді. Аудан өзі өндіретін өнімдердің сан-алуан түрлілігімен ерекшеленеді: дәнді-дақылдар, майлы дақылдар, бақша дақылдары, сонымен бірге картоп, жүзім және жеміс-жидектер. Тамақ өнеркәсібінің қайта өңдейтін кәсіпорындары ауданның өнеркәсіп потенциялының жалпы көлемінде 40 пайызды құрайды. Мұнда «Сана» Корпорациясы» ЖШС-не тиесілі екі қуатты ұн тартатын комбинат жұмыс істейді. Өнеркәсіп өндірісінің тағы бір бағыты – пайдалы қазбалар қойнауы мен жатағын өңдеу болып табылады. Түлкібас ауданында еліміз бойынша жалғыз түрлі-түсті цемент шығаратын зауыт орналасқан. Ал, Түлкібас әк зауытының 80 жылдық тарихы бар. Тәуелсіздік жылдары ауданда өнімнің тұрақты түрде өсуіне «Састөбе цемент» ЖШС, «Түлкібас әк зауыты» ЖШС, «Ауыл құрылыс» ЖШС (кірпіш зауыты), «Көктерек мелкомбинаты» ЖШС үлес қосып, тауарды тұрақты түрде өндіріп, жоспарлы жұмыс жүргізді. Жуырда аудан әкімі Ә.Тұрғымбековтың бастамасымен Ұлы Жібек жолдың бойында орналасқан Жаскешу ауылы мен Шақпақ баба ауылдарын аралығын абаттандырып, көркейту, гүлдендіруді қолға алуды жоспарлап отыр. Күре жолдың бойында заманауи жарық шамдар, орындықтар, композициялық мүсіндер мен сәнді ағаштар егілетін болады.
Связанные истории
12.12.2016
28682
29.11.2016
38280