Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Білімсіздің күні қараң. Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанының даму жолында аянбай тер төгеді. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады... Облыстағы 2 млн. астам тұрғындардың ішіндегі 14-29 жас аралығындағы жастар саны 767 963. 2011 жылдан бастап облыстың барлық аудан, қалаларында «Жастар орталығы» КММ құрылып, бүгінде онда 273 маман жастар саясатын жүзеге асырумен айналысады. Облыстық «Жастар орталығы» КММ 2004 жылдан бері жұмыс жасаса, 2014 жылы жаңа ғимарат беріліп, онда 26 маман төмендегі бағыттар бойынша қызмет атқаруда. І. Жастарды жұмыспен қамту ІІ. Жастарды кәсіпкерлікке баулу ІІІ. Жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту IV. Жастарға қызмет көрсету орталығы V. «Еріктілер мектебі» жұмысын жандандыру. Жастар практикасын ұйымдастыру мақсатында жоғары және орта арнаулы орта ұйымдарының 1741 түлек бітірушілері 2015 жылдың 1 қарашасына дейін жолданған (жоспар — 1374 адам). 2015 жылы жастар практикасына қатысқан 530 жас тұрақты жұмыспен қамтылды. 2015 жылдың 1 қарашасына 860 азаматқа 2 239,2 млн.теңге шағын несие берілді (оның ішінде жастары – 181). Орташа көлемі 2,6 млн. теңгені құрайды. Қосымша 883 жаңа жұмыс орны жұмыспен қамту орталығы арқылы ашылды (оның ішінде жастары – 243). 2015 жылдың 2 тоқсанында статистикалық есептердің нәтижесінде облыстағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,3 пайыз. Жастарды кәсіпкерлікке баулу мен жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсету мақсатында облыстық «Кәсіпкерлік мектебімен» арнайы бекітілген кестеге сәйкес аудан, қалаларда ауыл жастарын оқыту жұмыстары жүргізуде. 2015 жылдың басынан бері аудан, қалаларда ашылған «Кәсіпкерлік мектептерінен» жалпы 17 557 азамат оқудан өтіп, сертификатталған. Бүгінгі күнге 17 жас «Ырыс» микрокредиттік ұйымынан өз кәсіптерін дамыту үшін несие алған. Оңтүстік Қазақстан облысы жастарды кәсіпкерлікке бейімдеу және жастар саясатын жүзеге асыруды қолдау мақсатында ОҚО КҚКО Кәсіпкерлік мектебінің «Өркен» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандум құрылған. 2015 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында аудан, қалаларда 100 ден аса іс—шаралар ұйымдастырылды. Жас кәсіпкер ретінде тіркелген жастар саны 15 268, көтерме жәрдем ақы алған жастар саны 13. 2015 жылы «Жасыл ел» бағдарламасын Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджеттен 4 001 900 теңге қаралды. Қазіргі таңда облыстық «Жасыл ел» штабы Шымкент қаласындағы 4 мекемемен меморандумға отырып бірлескен іс—шаралар жоспары бекітілген. Сонымен қатар, Шардара, Қазығұрт, Сарыағаш аудандары мен Кентау, Түркістан қалаларындағы орман және көгалдандыру мекемелерімен меморандум жасалынған. «Студенттік құрылыс жасақтары» 2015 жылы, Студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану, жастарды еңбек арқылы патриоттыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу, теориялық тұрғыда алған білімін іс—жүзінде жүзеге асыру мақсатында «Студенттік құрылыс жасақтарына» М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылыс мамандығында білім алатын 500 студент қамтылып, 12 мердігер компанияларда жұмыстар атқарды. Студенттердің орташа айлық жалақылары 55-60 мың теңгені құрады. «Мәңгілік ел жастары — Индустрияға» жобасы аясында Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы жоғары және кәсіптік колледждерде білім алуға 6495 жас өтініш білдірді. Тұрғындар мен мектеп бітіруші жастардың арасында жүргізілген түсіндірме жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан облысынан аталған өңірлердегі жоғары оқу орындарына 2580, арнаулы орта оқу орындарына 359 жас оқуға түсті. 2015 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасына республикалық бюджеттен 733 жас маманға 101 747,0 мың теңге көлемінде көтермелеу жәрдемақы бөлінді. Ағымдағы жылғы 1 қарашаға 13 аудан бойынша 633 жас маманға 87 820,0 мың теңге көлемінде бір жолғы көтермелеу жәрдемақысы берілді. Тұрғын үй алу үшін 300 жас маманға 893 670,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасынның 3-ші бағыты шеңберінде 2012-2015 жыл аралығында Шымкент қаласы, «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан 6 көпқабатты тұрғын үйлерге 480 отбасы қоныстандырылды. Оның 347 отбасы жетім және ата—анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. 2014 жылдан бастап «Жастар орталығы» МКМ—ң жанында «Бізбен бірге» еріктілер мектебі өз жұмысын бастады. Мектептің негізгі мақсаты талантты, белсенді, патриот жастарды қандай да болмасын қиын жағдайларда өз қол ұшын созуға даяр тұратын ерікті—жастарды біріктіріп қайырымдылық іс—шаралары мен акцияларға белсенді қатыстыру. 2015 жылғы мамыр айында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «70 күн – 70 игі іс» атты марафон ұйымдастырды. Сонымен қатар балалар үйіне баруы, және облыс әкімінің орынбасары Е.Қ.Айтахановпен бейресми кездесуі, 1-қазан «Қарттар күні» мерекесіне орай ардагерлердің үйлеріне көмектесу, «Өзгеге өмір сыйла, Донор бол!», «Еріктілермен Театрға» акциялары ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда еріктілерді «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға байланысты іріктеу және дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу—ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы<
Связанные истории
12.12.2016
27699
29.11.2016
36524