Елімізде емдік қасиеті бар шөптерден шырын, сусын, дәрі жасап шығаратын шағын кәсіпкерлік енді қанат жайып келеді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы курортты аудан Сарыағаш енді шипалы шырын суларымен де атағы алысқа кеткелі тұр. Сіргелі ауылының тұрғыны Бақыт Наурызбаев емдік қасиеті бар шөп, жеміс жидектен тосап қайнатып, сондай-ақ шырын өндіруді қолға алып отыр. Емдік шөптерді қай кезде жинап алу, оның құрамындағы витаминдерді сақтап, қайнату жолдарын кәсіпкер Ташкентте үйреніп келіпті. Сарыағаш ауданында ашылған кәсіпкерлер мектебінде бизнес жобасын жасаған. Кәсіпкерлерді қолдау қызметі бүгінде ауыд, аудандарда кәсібін жаңа бастағалы отырғандарға қызу қолдау көрсетуде. Бизнес жобасы мақұлданса алдағы уақытта 3 миллион теңге несие берілсе, заманауи қондырғылар сатып алуды көздеп отыр. Жаңа құрал саймандар әрине жұмыс барысын жеңілдетеді. Ауылдастарын жұмыспен қамту да негізгі жоспарының бірі. Бүгінде нәрлі, адамға күш қуат беретін тағамдардың азайып бара жатқандығынан түрлі дәрумендерді пайдалануға тура келеді. Сондықтан да экологиялық таза өнім өндіріп, көпшіліктің сауабына кенелсем дейді. Бүгінде кәсіпкердің емдік тосаптары мен шырындарына сұраныс артып отыр.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498