(Жалғасы)
Сондай-ақ, мәртебелі мейман Оңтүстік Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін тығыз байланыс орнату мақсатында Франциядағы түрлі сала мамандарының өкілдерімен арнайы келгенін жеткізді. Кездесу барысында Франсис Этьен Қазақстан Франциямен қарым-қатынасты одан әрі нығайту мақсатында барлық жағдайды жасап отырғанын, яғни бұған дейін виза ұзақтығы 15 күн болса, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 күнге ұзартылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Францияға қысқа уақытқа келуші қазақстандықтар үшін визасыз мүмкіндіктер қарастырылып жатқанын жеткізді. Жиын соңында өңір басшысы Қазақстан мен Франция күндеріне байланысты сол елдің өнерпаздары мен кәсіпкерлерін Оңтүстік Қазақстан облысында көргісі келетінін және осы күндер аясында француздық тауарөндірушілердің көрмесін ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ, әкім мектеп пен жоғары оқу орындарының мұғалімдерін аталған елге тәжірибе алмасуға жіберу жайын қарастыратынын айтты. Жұмыс сапары екі күнге жалғасатын франциялық делегаттарға облыстың инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, бірқатар туристтік және тарихи орындарға инфотур ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Әлемдік тәжірибеде білім сапасының деңгейі өте жоғары бпғаланатын Францияда ұстаздарымыз тәжірибе алмасатын болса онда отандық білім сапасы бір деңгейге көтерілді деп санауға толық негіз бар сынды. Ұлт жоспарындағы басым бағыттардың бірі де отандық білім сапасын арттыру болатын.