Экономика Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие берілмек Редактор 13.01.2022 11742 1 оқу мин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету бойынша берген тапсырмасына сәйкес Шымкентте 1500-ге жуық кәсіпкерге көмек көрсетіледі. Мәселен, 1 мыңнан астам кәсіпкерге «Бизнестің жол картасы-2025» «Қарапайым заттар экономикасы» және «Жұмыспен қамту жол картасы» сынды мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде 8,7 млрд. теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсету жоспарлануда. Одан бөлек мемлекеттік бағдарламалардан тыс жергілікті деңгейде «Мен кәсіпкер боламын» және «Іскер қала» арнайы іс-шаралар жоспары шеңберінде 1,0 млрд. теңгеге 200-ге жуық бизнес өкілдеріне жеңілдетілген несиелер ұсынылады. Сонымен қатар өндірістік алаңдарының жалдау ақысының бір бөлігін өтеп беру арқылы қолдау көрсетілетін болады. Түрлі деңгейдегі қолдаулардың арқасында іс-әрекеттегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын 30%-ға өсіру жоспарлануда. 2022 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 75,5 мың бірлікті құраса 2025 жылға қарай 100 мың кәсіпкерлік субъектілеріне жеткізу болжануда. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін жалпы өңірлік өнімде 45%-ға жеткізу көзделуде. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 51578 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 70072 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 82448