Әлеумет Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін алып тастауға қатысты жауап берді Редактор 16.02.2022 13834 1 оқу мин Қазақстандықтар бұған дейін әлеуметтік желіде «Өзін-өзі тану» пәнін алып тастау туралы өтініш білдірген еді. Білім және ғылым министрлігі бұл пән неліктен жойылмайтыны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Zakon.kz сайтының арнайы сауалына Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова қол қойған жауабы келді. Онда «Өзін-өзі тану» пәні 20 жыл бойы адамгершілік пен руханиятты, білім беру жүйесі мен оқу процесінің барлық саласын қамтып кеткені айтылған. Бүгінде білім берудің барлық деңгейінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары аясында «Өзін-өзі тану» пәні 1-11-сыныптар аралығында инвариантты (міндетті) пән ретінде оқытылады.БҒМ баспасөз қызметі Ведомство үнемі жаңартылып отыратын мектеп бағдарламасына қатысты сынға да түсініктеме берді. Білім беру мазмұнын жаңарту «өмір бойына жақсы білім беру» ұғымынан «өмір бойы білім алу» қажет екенін түсінуге – білімнен құзіреттілікке өтуге бағытталған. Осыған байланысты қазіргі тенденцияларды және білім беруді жаңғыртуды ескере отырып, пәндер бойынша оқу бағдарламасын жетілдіру тұрақты жүзеге асып жатыр.БҒМ баспасөз қызметі Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, қазір студентке оқу жүктемесін азайту, жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытуды күшейту, сонымен бірге студенттерді ерте әлеуметтендіру және кәсіптік бағдарлау мақсатында білім беруді жаңғырту ісі жүргізіліп жатыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 1 оқу мин Әлеумет Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 14.09.2025 3886 Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 1 оқу мин Әлеумет Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 13.09.2025 5129 Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 1 оқу мин Әлеумет Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 13.09.2025 5211