Әлеумет Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының жалақысы көтеріледі ме? Редактор 19.05.2022 15127 1 оқу мин Мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін мамандардың 50%-ында мамандандырылған салалық білім жоқ. Бұл туралы сенатор Динар Нөкетаева депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, елімізде мектепке дейінгі білім беру саласындағы оң өзгерістерге қарамастан, жүйелі шешімді қажет ететін бірқатар күрделі мәселелер бар. Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы бар проблемаларды бірнеше негізгі блоктарға бөлуге болады деп есептейді. Оның ішінде: қаржыландыру мәселелері, жалпы және ғылыми тәсілдер, кадрлық қамтамасыз ету және осы саладағы сапалы қолдау да бар. Осы факторлардың салдарынан мектепке дейінгі сала қызметкерлері педагогикалық және психоэмоционалдық тұрғыда ауыр жағдайға тап болады. Балаларға қол көтеруге дейін қатыгездік таныту, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтер тарапынан тәртіптік бұзушылықтар жиі болып отыр. «Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда 3 жасқа дейінгі балаларға арналған балабақша топтарын ашу уақыт күттірмейді. Жергілікті атқарушы органдар қазіргі жағдай мен болжау деректерін талдау негізінде өңірдің стратегиялық жоспарымен байланыстыра отырып, мектепке дейінгі саланы дамытудың қысқа мерзімге арналған кешенді жоспарын әзірлеуі қажет. Өңірде жан басына шаққандағы қаржыландыру коэффициентін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдануы тиіс. Сараланған және мөлшерлемелік ақы төлеу жүйесінің тетіктерін пайдалана отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет», — деді Д. Нөкетаева. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 6540 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 6753 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 7981