Әлеумет ТҮРКІСТАН: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТ БІР КҮНГЕ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРНЫНА ЖҰМЫС ІСТЕП КӨРДІ Редактор 22.06.2022 9948 1 оқу мин Бүгін Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Әсия Құралқызының орнына «Инклюзивті сарапшылар қауымдастығы-Қалаға құқық» Республикалық мүгедектер бірлестігінің төрағасы Ерлан Әбдиев басқарма басшысының міндетін уақытша атқарды. Бұл ерекше жоба 23-маусым — Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай «Өзін-өзі басқару» негізінде Түркістан облысының әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Ерлан Тұрсынбайұлы таңғы сағат 09.00-ден бастап өз жұмысына кірісті. Бір күндік шенеунік басқарманың бөлім басшыларымен өткізілетін жоспарлы аппарат жиналысына қатысты. Онда «Жаңа жұмыс орындарының ашылуы» туралы, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының» іске асырылуы, «Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау» туралы маңызды ақпараттар беріліп, атқарылатын жоспарлар пысықталды. Жұмыс күнінің екінші бөлігінде облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Сонымен қатар басқармаға қарасты 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға арналған «№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» қызметі таныстырылды. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беру онлайн форматқа көшірілді 18.12.2025 33438 «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 65791 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 62122