Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: facebook

nFactorial School мақсаты - IT өнімдерін экспорттау арқылы ел экономикасына 1 миллиард доллар әкелу

48 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-09-16

nFactorial School мектебі “Шеврон” компаниясының қолдауымен көптеген ірі жобаларды жүзеге асырып келеді. Бүгінде ең маңызды және басымдыққа ие мамандықтардың біріне айналған бағдарламалаушылардың білімін жетілдіретін жобаның нәтижелері өте жоғары. nFactorial School құрылтайшысы, pinemelon.com америкалық стартапының басқарушы директоры, IT кәсіпкер, Пристон университетінің түлегі «Болашақ» бағдарламасының түлегі Арман Сүлейменов жетекшілік етеді. “Мен “Шеврон” компаниясының біздің бастамамызға қолдау көрсеткені үшін және еліміз үшін осындай ауқымды білім беру жобасын ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын. nFactorial School миссиясы – 10 000 жоғары білікті әзірлеушіні дайындау және бүкіл әлемде жүз миллиондаған адамға “Made in Kazakhstan” таңбасы бар бағдарламалық жасақтама өнімдерін ұсына отырып Қазақстанды әлемнің “технологиялық” картасында таныстыру”, – дейді Арман Сүлейменов. Аталған nFactorial жобасына қатысушылар веб-бағдарламалау және дизайн негіздерін үйреніп қана қоймай, оқуды аяқтаған соң бірегей веб-қолданбалар шығарады. nFactorial School Кәсіби бағдарламашыларды дайындау мектебінің түлектері бүгінде әлемнің түкпір түкпіріндегі атақты компанияларда қызмет етуде. nFactorial миссиясы - 10 000 бағдарламашылардан тұратын арнайы жасақ құру және IT өнімдері мен қызметтерін экспорттау арқылы ел экономикасына 1 миллиард доллар әкелу болып табылады. Түлектері Apple, Google сынды алып компанияларда қызмет атқаруда. Мәселен, Нұрдәулет Болатов, Лондондағы Software Engineer, Әнуар Серіков, Software Engineer, Google (Лондон), Ерсұлтан Сапар, Software Engineer, Apple (Калифорния), Назерке Калидолда, Ex-Software Engineer, Google (Париж), Асан Төлеуов, Software Engineer, Facebook (Калифорния), Алия Рысбек, Software Engineer, Google DeepMind (Лондон), Ольга Хван, Продуктивті дизайнер, Reddit (Нью-Йорк). Студенттерді Силикон алқабында сұранысқа ие технологияларға үйрететін 10 апталық қарқынды оқыту бағдарламасы, әрбір қатысушының мақсаты 10 апта ішінде 10 000 пайдаланушысы бар түпнұсқа коммерциялық бағдарламалық өнімді жасау және іске қосу, 4000 сұраным ішінен таңдап алынған үздік 180 әзірлеуші және 15 тәлімгер бар. Әу баста 45 бағдарламашы 37 қосымша жасап шығарса, ал бүгінде 180 бағдарламашы 150 қосымшаға қол жеткізген. Солардың ең ірісі Ұлттық аспаптарға арналған тюнер болып табылады. Домбыра, қобыз және қылқобыз үшін дайындалған. Микрофон арқылы күйді тыңдайды да, нотаны анықтайды. Бұл жаңадан бастап жүрген адамдарға үлкен көмек болары сөзсіз. Басты мақсат Ұлттық аспапты танымал ету. Одан бөлек, ақындарға арналған сайт ашылған. Онда ақындарды және олардың жұмыстарын бір жерде жинау және жүйелеу, баспагер, әншілер және серіктестермен байланыстыру, Нетворкинг мүмкіндіктері қарастырылған. «Кел, балалар, оқылық» сайтының басты мақсаты кез-келген мұғалімге жылдам әрі оңай тест құрастырып оқушылардың білімін тексеруге көмектесу болып табылады. Мұғалімдер құрастырған тестпен басқа адамдармен бөлісе алады. Дайын жарияланған тесттерді басқа мұғалімдер бағалап өздерінің тесттеріне қоладана алады.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ

2022-09-30: ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ 18 0

2022-09-30: ЕЛІМІЗДЕ ОҚУШЫЛАР БОТАНИКАНЫ ҰНАТАДЫ 20 0

2022-09-29: Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру-басты мақсат 13 0

2022-09-29: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 86 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ 20 0

2022-09-28: “Шеврон” және QazaqGaz Қазақстандағы энергияға ауысу және газ стратегиясын әзірлеуге ынтымақтастық туралы мәлімдеді 15 0

2022-09-28: «ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды 32 0

2022-09-27: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 26 МЕКТЕПКЕ, 3 КІТАПХАНАҒА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ 34 0

2022-09-26: ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚТАР "ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ" ШАБАНДОЗДАРЫН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ 42 0

2022-09-21: ТҮРКІСТАН: «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2022» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 35 0

2022-09-21: Мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторингінің екінші кезеңі басталды 130 0

<=Қаз 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея