Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фб

Құрылыс материалдарына арналған қаптамалар шығаратын зауыт ашу мәселесі талқыланды

32 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-11-27

Түбі бір түркі елдерінің темір қазығы болған Түркістанға бүгінде инвестиция құюға құмбылдардың қатары артып келеді. Күннен күнге түрленіп, көркейіп келе жатқан киелі шаһар экономикалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да өркендеу үстінде. Күні кеше Түркияның «Işiklar Holding» компаниясы Түркістанда ірі өндіріс орнын ашуға ниет білдіріп отыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған компания басшыларымен онлайн режимде келіссөз жүргізіп, жобаларды талқылады. Келіссөзге «Işiklar Holding» компаниясының бас директоры Волкан Гиришкен мен «Işıklar Paper Sack Co. Ltd.» компаниясының бас директоры Хусейн Ока және Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сапиев қатысты. Облыс әкімі Түркістанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалатынын жеткізді. – Түркістан қаласының келешегі жарқын. Ауқымды жоспарлар бар. Арнайы экономикалық аймақта инвестоларға қолайлы жағдай жасаймыз. Одан өндірісті дамыту бағытында көптеген істер атқарылады. Әсіресе түркі мемлекеттерінен келетін кәсіпкерлер өңірімізде жемісті жұмыс істеп жатыр. «Işiklar Holding» компаниясының ұсынысын қолдап, бірлесе жұмыс істеуге, бұдан да бөлек өндіріс орындары бойынша әріптестік орнатуға дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды. «Işiklar Holding» компаниясының бас директоры Волкан Гиришкен Түркістандағы браунфилд аумағында құрылыс материалдарына арналған қаптамалар шығаратын зауыт ашуға ниетті екендерін жеткізіп, жобаны таныстырды. Инвестор Түркістандағы жобаға 12 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр. Жобаның бірінші кезеңінде 5 млн. доллар көлемінде инвестиция салып, 50 адамды жұмыспен қамту көзделген. Келіссөздер сәтті аяқталып, инфрақұрылым мен жер әзірленсе, жоба 2023-2024 жылдары жүзеге аспақ. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық инвесторларды Түркістанға шақырды. Сол кездесуде екі тарап мәселені жан-жақты талқылап, тиісті келісімдерді қарастырады. «Işıklar Holding» компаниясы 1974 жылы химия, агроөнеркәсіп, энергетика және экономиканың басқа да салаларында өз қызметін жүргізетін компаниялар тобы ретінде құрылған. Бүгінде аталған компания әлемнің 50-ден астам еліне өз өнімдерін экспорттап отыр.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қар 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

8

9

11

12

13

14

15

29

30

Галерея