Экономика Сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда Редактор 14.11.2022 15278 1 оқу мин Сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда Бүгінде Түркістан облысында инвестициялар тарту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта Өзбекстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасымен іскерлік-экономикалық байланыстар арта түспек. Жуырда Түркістан облысының Инвестициялар және экспорт басқармасы «Turkistan Invest» компаниясымен бірлесе отырып, Хорезм облысының әкімдігімен кеңес өткізді. Онлайн отырыста екі елдің өңірлері арасындағы мақта өңдеу, тері өндірісі, жылыжай шаруашылығы сияқты салалардағы өндірістік кооперацияны тереңдету және сауда байланыстарын кеңейту мәселелері талқыланды. Келіссөздер қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айында Хорезм облысы өкілдерінің облысымызға сапарын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Сондай – ақ, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Азимов Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулымен кездескен болатын. Басқарма басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып, мұнда инвестиция тартуға жайлы жағдай жасалғанын, аймақтың туристік әлеуеті мол екенін айтты. Өз кезегінде бас консул Назарали Арипов бауырлас елмен кез — келген салада бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта мәдени-танымдық, іскерлік байланыстарды жандандыруға уағдаласты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 10815 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 8557 Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 59490