Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фб

Жыл соңына дейін керамзитті кірпіш өндіру жобасы іске асырылады

23 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-11-27

Бүгінде Түркістан облысында индустриалды аймақтардың жұмысы жанданып келеді. Отандық өнім өндіруге өкірте үлес қосып жатқан өндіріс ошақтары орналасқан аумақ ауқымды аймақты алып жатыр. Бүгінде Түркістан облысында құны 42,541 млрд. теңгені және 3023 жұмыс орнын құрайтын барлығы 60 жоба орналасқан. 2023 жылдың 1-жартысында «Тurkistan» индустриалды аймағында орналасқан браунфилд өндірістік ғимаратында ISIKLAR HOLDING A.S. өндіріс орнын орналастыру (құрылыс материалдарына арналған қаптама шығару) бойынша келіссөздер жүргізілуде. Өңірдегі инвестициялық ахуал туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға баяндалды. Сайрам ауданынында жаңа индустриалды аймағын құру бойынша жер көлемін анықтап, инфрақұрылым жүргізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ «Бадам» индустриалды аймағының көлемі үлкейтілмек. Түлкібас, Шардара және Бәйдібек индустриалды аймақтарын агро-индустриялды аймақ ретінде іске асыру және өңірімізде агро-өнеркәсіп саласын дамыту жоспарланып, Түркістан облысы әкімдігіне Басқарушы компания тарапынан агро-индустриалды аймақ құру туралы ұсыныс енгізілген. Индустриалды аймақтардың қатысушылары – «Grand Miks» ЖШС-і (жоба құны – 2,47 млрд.тг), жиһаз өндіріс кәсіпорны, «CG Food Central Asia» ЖШС-і (жоба құны – 1,1 млрд.тг.) дайын тағам өнімдерін өндіруші кәсіпорны. Индустриалды аймақтарды дамыту барысында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оған дәлел, 2022 жылы құны 8,205 млрд. тг. және 640 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 8 инвестициялық жобаны тарту көзделген. Жыл соңына дейін темір бетон бұйымдарының өндірісі мен керамзитті кірпіш өндіру жобасы іске асырылады.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қар 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

8

9

11

12

13

14

15

29

30

Галерея