Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: ф

СОЗАҚТА 96 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕЙ АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ

64 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-01-03

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Ұрхан Аймұқанбетқызының шаңырағына арнайы барып, әжейге «Созақ ауданының Құрметті азаматы» атағын беріп, арнайы төсбелгі мен сый-сияпат табыс етті. – Саналы ғұмырыңызда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен білім саласында ұзақ жылдар бойы қызмет еттіңіз. Сұрапыл соғыс басталған жылдары елде кетпен шауып, су суарып, орақ орып еңбек етуіңіз нағыз ерлікке пара-пар деп білемін. Еткен еңбек, төккен теріңіз ерекше бағаланып, Совет үкіметі кезіндегі «Алтын алқа» иегері және «Ұлы Отан соғысының тылдағы ардагері» төсбелгісімен марапатталдыңыз. Бүгінде соғыс ардагеріне теңестірілген қарттар тізіміндесіз. 7 ұл, 3 қыз дүниге әкеліп, алтын құрсақты «Батыр ана» атандыңыз. 36 немере 45 шөбере сүйіп отырған Сіздей қазыналы қариямызға қандай атақ берсек те жарасады. Осының бәрі жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз, деді аудан басшысы өз сөзінде. Әулеттің жарасымды тірлігіне тілекші болып отырған Ұрхан Аймұқанбетқызы жастарға өзінің еңбек жолын әңгімелеп, аудан басшысына алғысын айтты. Елге бірлік пен ынтымақ, береке тілеп батасын берді.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаң 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

2

7

8

10

11

12

13

15

16

18

22

24

27

28

29

30

31

Галерея