Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: сак

ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫ ЖАҢАРҒАН ҒИМАРАТТА КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ ҰСЫНДЫ

124 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-01-26

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрында Карло Гоццидің «Ханшайым Турандот» комедиясының премьерасы өтті. Қойылым премьерасына облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев және өңірдегі зиялы қауым өкілдері қатысты. – Осы залға бес жыл бұрын келген едім. Ол кезде қаладағы жалғыз мәдени орын еді. Ұжым сондай жақсы өнер көрсеткенімен, ғимарат жұпынылау, жағдайы қиындау болатын. Өткен жылы облыс басшылығының қолдауымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгін жаңа ғимаратта 2023 жылдың алғашқы қойылымын ұсынып жатыр. Театрға деген қамқорлық, көмек Райымбек атамыздың әруағына құрмет деп білем. Түркістанда қазір жаңа мәдени-рухани орталықтар салынып, көптеген ғимараттар ашылып жатыр. Дегенмен бұл театрдың орны бөлек. Бұл – Түркістандағы рухани орталықтың қара шаңырағы. Сіздер осы қара шаңырақтың қадірін қашырмай, абыройын асырып жүрген қадірлі ұжымсыздар. Осы еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бүгінгі премьераға қатысып жатқаныма қуаныштымын. Түркістан жай ғимараттармен рухани қала бола алмайды, рухани бай адамдармен еліміздің мәдени ордасы бола алады. Бұл бағытта бірлесе жұмыс жасаймыз, – деді Бейсен Дәулетұлы. Қойылымда Қытай билеушісі Альтоумның қызы Турандот ханшайымның тұрмысқа шыққысы келмеуі туралы оқиғалар суреттеледі. Тәкаппар және қатыгез Турандот жер бетіндегі барлық ер адамға сенбейді, олардың бәрі өтірікші деп ойлайды. Сонда да күйеу жігіттер сапқа тізіліп, үміттерін үзбейді. Қыңыр қызының кесірінен әртүрлі елмен соғысуға мәжбүр болған әкесінің қырағылығын сейілту үшін ханшайым керемет жоспар жасайды. Әрі қарай шиеленіскен оқиға көрерменге ой салып, күлкі сыйлайды. Аталмыш туындыны белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев аударған. Ал қойылымның қоюшы режиссері – Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың, «Құрмет» орденінің иегері Қуандық Қасымов. Режиссері – Айдар Наурызбаев. Қоюшы суретшісі – Қанат Шериев. Костюм суретшісі – Айнұр Көшкінбаева. Театр директоры – ҚР Мәдениет қайраткері Ержан Исатаев. Театрдың көркемдік жетекшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Айдар Наурызбаев. Айта кетейік, театр ғимаратына өткен жылы облыстық бюджеттен қаржы қаралып, күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Осыған байланысты араға біраз уақыт салып театр ұжымы өз көрерменімен қайта қауышып отыр. Жаңа ғимараттағы алғашқы әрі қызықты қойылым алдағы екі күн сахналанатын болады.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтарынан естелік-әңгімелер мен мәліметтерді, құжаттар мен фотоларды жинақтауда

2023-03-28: Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтарынан естелік-әңгімелер мен мәліметтерді, құжаттар мен фотоларды жинақтауда 16 0

2023-03-28: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 4 ЖАҢА АБТОБУС БЕРІЛДІ 12 0

2023-03-28: САЙРАМ АУДАНЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 178 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ 16 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР 16 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JAS TALANT» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ 15 0

2023-03-28: ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 50 ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ 100 ІРІ ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНБАҚ 14 0

2023-03-28: 29 НАУРЫЗДА ЖАҢА САЙЛАНҒАН ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТЕДІ 14 0

2023-03-28: ТҮРІК КОМПАНИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА МЫРЫШ ЗАУЫТЫН АШУҒА НИЕТТІ 11 0

2023-03-28: ОҢТҮСТІККОРЕЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700 МЛРД ТЕҢГЕГЕ СЭС САЛМАҚ 13 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САПАЛЫ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ 16 0

<=Нау 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

29

30

31

Галерея