Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фото С

Наурыз 10 күн бойы тойланады

52 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-03-14

Биылғы жылы Наурыз мерекесін ерекше дәстүрмен атап өту мақсатында аудан әкімі «Қош келдің – әз Наурыз» мерекелік іс-жоспарын бекітті. Он күнге арналған жоспар негізінде аудан аумағында демалыс күндері «Тазалық күні» ұйымдастырылып, ««Наурыз-тазалықтың айнасы» тақырыбымен көше бойлары, арық-атыздар, үй іргелік жерлер, мекеме аулаларында тазалық жұмыстары жүргізіліп, аллея, саябақ, скверлерге көшеттер егілді. Кеше «Наурыз-салт-дәстүрдің жаңғыруы» іс-шарасында мемлекеттік қызметшілер ұлттық киім кию дәстүрін қолға алды. Барлығымыз ғаламторды ақпарат алудың басты көзіне айналдырған кезде, интернет-роликтер жанрының бір түрі – челленджді қолдану арқылы «Наурыз-жақсылықтың жаршысы» атты қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, спортшылар, жастардың қатысуымен мерекелік құттықтау жарияланды. «Наурыз-қонақжайлылық мерекесі» айдары бойынша Біркөлік демалыс аумағына келіп тынығушыларға концерттік бағдарлармалар ұйымдастырылып, «Наурыз-татулықтың түпқазығы» тақырыбы негізінде этномәдени бірлестіктердің қатысуымен ұлттық тағамдар мен қол өнер бұйымдарының көрмелері, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар мен қайырымдылық акциялары өткізіледі. «Наурыз-жаңару мен жаңғырудың бастауы» атты іс-шарада барлық білім беру мекемелерінде сәндік-қолданбалы көрмелер, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетіледі. «Наурыз-мейірімділік мерекесі» тақырыбы негізінде балалар үйінде қайырымдылық концерттер, спектакльдер, жас қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылады. «Наурыз-жәрмеңке» айдарымен аудан орталығында арзандатылған бағамен ауылшаруашылық өнімдерін жәрмеңкесі өтеді. Түркістан қаласында өтетін «Қош келдің – Әз Наурыз» шарасында ауданнан арнайы киіз үй тігіліп, қолөнер шеберлері мен суретшілердің, ұлттық тағамдар көрмесі өткізіледі. «Ұлыстың ұлы Әз Наурыз» мерекелік шарасы әдеттегідей орталық алаңда емес, «Төлеби» саябағында ұйымдастырылып, аудан халқы Наурыз мерекесімен аудан әкімі Төлеген Телғараев құттықтап, концерттік бағдарламалар, қолөнер көрмесі, ұлттық спорт түрінен жарыстар өткізіледі.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтарынан естелік-әңгімелер мен мәліметтерді, құжаттар мен фотоларды жинақтауда

2023-03-28: Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтарынан естелік-әңгімелер мен мәліметтерді, құжаттар мен фотоларды жинақтауда 16 0

2023-03-28: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 4 ЖАҢА АБТОБУС БЕРІЛДІ 12 0

2023-03-28: САЙРАМ АУДАНЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 178 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ 16 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР 16 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JAS TALANT» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ 15 0

2023-03-28: ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 50 ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ 100 ІРІ ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНБАҚ 14 0

2023-03-28: 29 НАУРЫЗДА ЖАҢА САЙЛАНҒАН ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТЕДІ 14 0

2023-03-28: ТҮРІК КОМПАНИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА МЫРЫШ ЗАУЫТЫН АШУҒА НИЕТТІ 11 0

2023-03-28: ОҢТҮСТІККОРЕЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700 МЛРД ТЕҢГЕГЕ СЭС САЛМАҚ 13 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САПАЛЫ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ 16 0

<=Нау 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

29

30

31

Галерея