Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

198 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-03-23

Бүгін Ақсукент ауылындағы Орталық саябақта «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты аудандық іс-шара өтті. Іс-шара басында аудан әкімі және жергілікті зиялы қауым өкілдерін өнерпаздар және мекеме ұжымдары домбыра тартып, мерекелік арнаулар айтып, ән шашумен қарсы алды. Саябақтың ішінде ұлттық қолөнер көрмелері таныстырылып, ұлттық тағамдардан дәм тату болды. Аудандық тауар өндіруші кәсіпорындар және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жәрмеңкесінде табиғи таза және сапасы жоғары өнімдер тиімді бағада ұсынылды. «Ақсу» фольклорлық халық ансамблі және қарамұрт ауылының өзбек ұлттық ансамбілінің сазды әуені орындалып, Қазақ халық театрының әртістерімен «Наурыз – көш керуені» көрінісі сахналанды. Шарада аудан әкімі тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтады. - Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – халқымыздың ежелден ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, салт-дәстүрлерімізді кеңінен насихаттайтын ұлттық мереке. Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз баршамыз үшін еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмеген бірліктің, ынтымағы ажырамаған ырыстың белгісі ретінде танылған. Жыл сайын ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысын айшықтайтын бұл күн үлкен сән-салтанатымен, құт-берекесімен тойланады. Сондықтан да, Наурыз мерекесінің әр күні маңызды. Осы тұста, биыл өңірімізде Наурыз мерекесі 10 күн бойы айрықша аталып өтуде. Салаларда атқарылған осындай игі істер халықтың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға арналған. Осындай айтулы күні Сіздерге бақытты да баянды ғұмыр, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ырыс-береке тілеймін. Кейінгі кезекте Мемлекет және қоғам қайраткері Халмурадов Розақұл Сатыбалдыұлы барша жерлестеріне ақ ниеті мен батасын беріп, аудан әкімінің алдағы қызметіне сәттілік тілеп, иығына шапан жапты. Ауданның белсенді жастары құттықтауды жалғастырып, Абылай Бақытжанұлы және каратэдан Азия чемпионы Маржан Әшім жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, наурыз көже, бауырсақ және сумалак тағамдары таратылды. Құрметті қонақтар мен көпшілікке киіз үйлерде қазақ халқының ұлттық тағамдары толған ақ дастархан жайылды. Аудан орталығына келген тұрғындар спорт мектептерінің тәрбиеленушілерімен өткен ұлттық спорт ойындарынан күрес, тоғызқұмалақ, арқан тарту секілді бірнеше ойынды тамашалады. Түйелер мен аттарда серуендеп жүрген, алтыбақан тепкен жастар тобы әсем ән салып, бір-біріне ізгі тілектерін жеткізіп, ерекше көтеріңкі көңіл-күйде болды.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея