Саясат САЙРАМ АУДАНЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 178 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ Редактор 28.03.2023 5272 1 оқу мин Сайрам ауданында «Күміс жас» жобасына сәйкес, аудандық жұмыспен қамту орталығы тарапынан жылдық жоспар бойынша 180 адамды қамту көзделген. Бүгінгі таңға 178 адам аталған бағдарламаға тартылған. Тарқата айтсақ, жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар қатыса алады және қатысу мерзімі 36 айдан аспайды. Жоба шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін алғашқы 12 айында жалақы мөлшерінің 70 %-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды. Қатысудың 13-ші айынан бастап 24-ші айына дейін жалақы мөлшерінің 65 %-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды. Сондай-ақ, жобаға қатысудың 25-ші айынан бастап 36-шы айына дейін жалақы мөлшерінің 60 %-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды. «Күміс жас» жобасы аясында зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтар уақытша жұмыспен қамтылады. Жобаға қатысушылардың жалақысы жартылай мемлекет тарапынан және жартылай жұмыс беруші тарапынан төленеді. Айта кетсек, жобаға қатысу мерзімі аяқталған соң, жұмыс беруші зейнет жасына жақындаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылдауға міндетті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИЗМ ӘЛЕУЕТІ САМАРҚАНДА ТАНЫСТЫРЫЛУДА 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИЗМ ӘЛЕУЕТІ САМАРҚАНДА ТАНЫСТЫРЫЛУДА 24.03.2024 1645 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘКІМДЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫСҚА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘКІМДЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫСҚА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ 18.03.2024 2303 ТҮРКІСТАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ 03.02.2024 14553