Саясат САЙРАМ АУДАНЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 178 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ Редактор 28.03.2023 21020 1 оқу мин Сайрам ауданында «Күміс жас» жобасына сәйкес, аудандық жұмыспен қамту орталығы тарапынан жылдық жоспар бойынша 180 адамды қамту көзделген. Бүгінгі таңға 178 адам аталған бағдарламаға тартылған. Тарқата айтсақ, жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар қатыса алады және қатысу мерзімі 36 айдан аспайды. Жоба шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін алғашқы 12 айында жалақы мөлшерінің 70 %-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды. Қатысудың 13-ші айынан бастап 24-ші айына дейін жалақы мөлшерінің 65 %-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды. Сондай-ақ, жобаға қатысудың 25-ші айынан бастап 36-шы айына дейін жалақы мөлшерінің 60 %-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды. «Күміс жас» жобасы аясында зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтар уақытша жұмыспен қамтылады. Жобаға қатысушылардың жалақысы жартылай мемлекет тарапынан және жартылай жұмыс беруші тарапынан төленеді. Айта кетсек, жобаға қатысу мерзімі аяқталған соң, жұмыс беруші зейнет жасына жақындаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылдауға міндетті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Вода ценой времени и здоровья: Почему женщины юга Таджикистана несут основную тяжесть водного кризиса 1 оқу мин Саясат Вода ценой времени и здоровья: Почему женщины юга Таджикистана несут основную тяжесть водного кризиса 18.10.2026 11737 Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 1 оқу мин Саясат Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 01.10.2026 11678 Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 1 оқу мин Саясат Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 01.10.2026 9770