Саясат Білім мекемесіне директорлыққа үміткерлерді қабылдау тікелей эфирде өтті Редактор 14.04.2023 10927 1 оқу мин Түркістан облысында білім мекемесіне директорлыққа үміткерлермен «Әңгімелесу» кезеңі әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Бұл — кандидаттар арасындағы байқауды әділетті өткізу мақсатында қолданылған әдіс. Конкурстың бұл кезеңінде 35 мекемеге 60-қа жуық үміткер келген. Бүгінде облыс бойынша бірқатар мектеп, колледж және балабақша директорының орны бос тұр. Ол жерге бірінші басшы тағайындау үшін байқау жарияланып, үміткерлерді таңдайтын комиссия құрамына осы саланың білімді азаматтары шақырылған. Комиссия төрағасы болып Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Ахметов сайланды. Конкурсқа қатысқан барлық үміткерлер өз деңгейлерін тікелей эфир арқылы көрсетіп, сұрақтарға тиісті жауаптар берді. Жиында арнайы құрылған комиссия мүшелері әділ баға беріп, таңдау ашық форматта өтті. Айта кетсек, болашақ директорлармен «Әңгімелесу» кезеңін әлеуметтік желіде көрсету әдісі конкурсқа қатысушылар тарапынан да қызу қолдау тауып жатыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 20545 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 47116 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 50967