Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

Ауылшаруашылық бөлімінің жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы есебі қаралды

125 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-05-13

Түркістан облысына қарасты Шардара аудандық мәслихатының төрағасы Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен бірлескен тұрақты комиссиялар отырысы өткізілді. Тұрақты комиссия отырысына қала, ауыл округтерінің әкімдері және дербес бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде 13 мәселе қаралды. Бұл мәжілісте депутаттардың қарауына ұсынылған 13 мәселенің негізгілері Аудан әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі. Аудан әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есебі. Шардара аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №24-149-VІІ «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Ақшеңгелді ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі. Сүткент ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі. Аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастар бөлімінің жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы есебі қаралды. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Жетпісбаев, Ақшеңгелді ауылдық округінің әкімі С.Бейсенов, Сүткент ауылдық округінің әкімі Қ.Кенбай және аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастар бөлімі басшысының орынбасары А.Мақанов хабарлама жасады. Хабарламашыларға депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Айтылған ұсыныстар назарға алынатын болды.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея