Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

Индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы жоғары

47 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-05-13

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша үш жақты келісімнің бекітілген негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы ойдағыдай. Негізінде Түркістан облысына қарасты Келес ауданында ауыл шаруашылығы сабасында – 16 индикаторлық көрсеткіш бекітілген. Өндірілетін жалпы өнім көлемін 69 069,0 млн тенгеге (оның ішінде 42 978,0 млн.теңге өсімдік шаруашылығына, 26 091 млн.теңге мал шаруашылығына тиесілі)(НКИ) Нақты көлем индексін 104% жеткізу жоспарланған. Жалпы өнім көлемі 70 407,7 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,3 % құрады, Оның ішінде 45 662,8 млн.тг өсімдік шаруашылығына тиесілі, нақты көлем индексі 102,8 % болса, Ал, 24 744,6 млн.тг мал шаруашылығына тиесілі, нақты көлем индексі 96,2% құрады. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына 4150,0 млн.тг инвестиция тартылу жоспарланған, ал, 12 айда 4 598,2 млн.тг инвестиция тартылып, жоспар 110,8 пайызға орындалды. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициясына; жылдық жоспар 380,0 млн.теңге болса, 409,4 млн.теңге тамақ өнімдеріне инвестиция тартылып, жоспар 107,7 пайызға орындалды. Аудан бойынша әртараптандыру әдісімен ауыл шаруашылығы дақылдарын 26 314 гектарға жеткізу немесе 1814 гектар артық орналастыру жоспарланған болса, нақты 26 314 гектар жерге дақылдар егіліп, 100,0 пайызға орындалды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егілуі бойынша, Астық – 8397,1 гектар (бидай жаздық,күздік – 2400 га, дәндік жүгері – 5390,1 га, бұршақты астық – 607 га,) Майлы дақылдар – 53 гектар: Техникалық дақылдар – 440 гекдизель отыны)тар, Көкөніс – 6301,9 гектар, Бақша – 1864 гектар, Картоп – 2140 гектар, Мал азығы – 4505 гектар, Жалпы алғанда 26314 гектар жерге егін егіліп, 2021 жылмен салыстырғанда 1814 гектарға артты. Алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып жылына 2-3 өнім алу бойынша; 1500 гектар жерге егіс егу жоспарланған, нақты 8 ауылдық округтен жалпы 1505 гектар алқапта, 350 бірлік шаруа қожалық аталған жобаны іске асырып, жоспар 100,3 пайызға орындалды. Аудан бойынша жаңадан 10 гектар жылыжай салу жоспарланса, 4,9 га жылыжай салынып, 49 пайызға орындалды. 345 гектар жерге тамшылатып суғару тәсілін ендіру жоспарланған болса, нақты 348,0 га жерге ендірілді, жылдық меже 100,9 пайызға орындалды. Жалпы аудан бойынша 996,0 гектар жерге ендірілген. Аудан бойынша 40 га жерге қарқынды бау отырғызу жоспарланған болса, нақты 29 гектар жерге жеміс жейдек көшеттері отырғызылды немесе 55 пайызға орындалды. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша; 65 бірлік техника жаңалау керек болса, нақты 71 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылды. Жоспар 109,0 пайызға артығымен орындалды. Жалпы ауданда 2409 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. Ірі қара малды тұқымдық түрлендіруге жылдық жоспар 5000 бас ірі қара малының аналық басын тұқымдық түрлендіруге қатыстыру қажет болса, нақты 36477 бас немесе 5 есе түрлендіруге қатысты. Аудан бойынша ақпараттық талдау-жүйесіне (ИАС) базасына 47 986 бас мүйізді қара мал тіркелген. 2023 жылдың қаңтар айында 36 744 бас түрлендірілген аналық мал басына 1826 бас асыл тұқымды бұқалардың 2 жылдық мерзімі аяқталуына байланысты жүйе автаматты түрде мерзімі өткен бұқарады алып тастайды. Осы себепті қаңтар айында түрлендірілген аналық мал басның үлесі төмендеуде.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея