Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: ф

І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ ФОРУМЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

849 просм. 👤Saq.kz 27 коммент. 🕔2023-07-24

22 шілде 2023 ж. Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында Қазақстандағы туризм, медиа, PR, синтетикалық медиа тақырыбында І Халықаралық медиа және туризм форумы басталды. Шараға Қазақстан, Ұлыбритания, Швейцария, Австрия, Бельгия, Германия, Франция, Нидерланд, Молдова, Солтүстік Кипр Түркия республикасы, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан сияқты шет мемлекеттерден 200-ден астам адам қатысып жатыр. Форумның мақсаты – медиа және туризм саласындағы жаңа үдерістерді ескере отырып, тәжірибе алмасу, ақпарат алмасу кеңістігін кеңейту, өзара тиімді ортақ жобаларды жүзеге асыру, Қазақстанның тарихи-мәдени орындарын шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, журналистер арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік байланысты нығайту. Форумның ашылу салтанатында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев алып, туризмді дамытуда БАҚ-ның маңызы зор екенінайтты: “Екі күн өңірімізге деген назар ерекше болып тұр. Қонаев қаласында қос бірдей халықаралық деңгейдегі шара – Медиа және туризмнің халықаралық форумы және әуе шарларының фестивалі өтіп жатыр. Әлемнің 15-ке жуық мемлекетінің және еліміздің көптеген өңірлерінің БАҚ-ның өкілдері қатысып отырған медиа форумның маңызы зор. Бұл ірі екі шара өңіріміз туралы ақпараттық кеңістікте оң пікір қалыптастырады деген сенімдеміз. Себебі, Алматы облысы үшін туризмді дамыту – бұл маңызды экономикалық фактор”, – деді өңір басшысы. Облыс әкімінің сөзінше, туризм индустриясы БАҚ-мен, ал қазіргі заманда жаңа медиалар – әлеуметтік желілермен тығыз байланысты. “Желіге туристік нысан туралы көп ақпарат тараса, сонша көп адам көріп, туристік орындарға келеді деген сөз. Сондықтан да туризмді дамытуға сеп болатын медиа құралдарды дамыту маңызды”, – деді Марат Сұлтанғазиев. Сонымен қатар ол туризмдегі инфрақұрылым, қызмет сапасын көтеру сынды мәселелерге де тоқталып өтті. Бұл мәселелерді шешу бағытында Үкіметтің қолдауы да жоқ емес. “Алматы облысында кәсіпкерлер туристік нысандарды салса, шығындарының 10%-ын, жол бойындағы сервистік нысандарды салса 10%-ын, туристік автобустар алса 25%-ын қайтару механизмі қарастырылған. Аталған және басқа да көптеген мәселелерді шешу қазіргі күні әзірленіп жатқан өңірімізде туризмді дамытудың Мастер-жоспарының аясында қарастырылмақ. Бүгінгі шара жемісті болсын”, – деді облыс әкімі. Халықаралық медиа форумның ашылу салтанатына арнайы келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі форум қатысушыларын құттықтады. «Баршаңызды Жетісу жерінде Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастырып отырған форумның ашылуымен құттықтаймын. Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматы облысы екіге бөлініп, жаңа облыс орталығы Қапшағай қаласына Д.Қонаевтың есімін беру – тарихи әділеттілік болды. Облысқа алғаш рет келіп отырғандықтан, өңір басшылығын осы тарихи шешіммен құттықтаймын. Өздеріңізге белгілі, ел арасында «тарих Шумерден басталады» – деген сөз бар, ал біздің тарихымыз Іле өзенінен басталады. Тіпті, көне түрік күнтізбелік мүшел жыл санауы Іле өзенімен байланысты. Қонаев құрылғалы бері ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Облыс әкімі айтып кеткендей, туризмді дамыту үшін БАҚ-ның ақпараттық насихаты маңызы ерекше. Бүгінгі медиа мен туризмді бір жерге тоғыстырған форум Алматы облысының туризмі дамуына септігін тигізеді», – деді министр. Шараның ұйымдастырушысы, Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы әлемдік туризмнің пандемиядан кейін дамығанын тілге тиек етіп, былтырғы кіріс 1 трлн АҚШ долларға жеткенін атап өтті. «Алматы облысы – қазақтың ежелгі әдет-ғұрпы, тарихы, салт-дәстүрінің ең басты даму мекені. Сол себепті форум биыл осы жерде ұйымдастырылып отыр. Тамызда Анталиядан журналистер келіп, өңір басшысының қолдауымен бұл жерде тағы да ауқымды шара өтеді. Онда туризмді дамыту, инвестиция тарту секілді мәселелер қарастырылатын болады. Шетелге шығу жақсы,бірақ, Қазақстанның да көрікті жерлері көп, соларды әлеуметтік желіде насихаттап, ішкі туризмді дамытуға шақырамын», – деді қор президенті. Бұдан кейін журналистер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, министрмен, облыс әкімімен пікір алмасты. Медиа форумның бірінші отырысы “Қазақстандағы туризм: даму келешегі мен мүмкіндігі” тақырыбында өтіп жатыр #түркітілдесжурналистерқоры #фондтюркоязычныхжурналистов #turkicspeakingjournalists #turkdilikonusangazetecilervakfi

ПІКІР (27)

  1. 🕔2023-09-02 00:35:42

    JerryRot

    Комментарий находится на модерации.
  2. 🕔2023-08-14 17:59:12

    KennethVax

    Комментарий находится на модерации.
  3. 🕔2023-08-13 14:26:33

    Mathewerubs

    Комментарий находится на модерации.
  4. 🕔2023-08-13 03:53:03

    Gers_xcPn

    Комментарий находится на модерации.
  5. 🕔2023-08-10 21:38:58

    WilliamPloli

    Комментарий находится на модерации.
  6. 🕔2023-08-10 15:13:49

    WillieFidly

    Комментарий находится на модерации.
  7. 🕔2023-08-08 22:21:17

    KennethVax

    Комментарий находится на модерации.
  8. 🕔2023-08-08 17:18:49

    GalenBride

    Комментарий находится на модерации.
  9. 🕔2023-08-07 20:54:03

    Kevinnub

    Комментарий находится на модерации.
  10. 🕔2023-08-07 10:03:03

    Jameshak

    Комментарий находится на модерации.
  11. 🕔2023-08-05 02:43:13

    Matthewcox

    Комментарий находится на модерации.
  12. 🕔2023-08-04 00:07:26

    DennisDeack

    Комментарий находится на модерации.
  13. 🕔2023-08-03 23:11:29

    Mathewerubs

    Комментарий находится на модерации.
  14. 🕔2023-08-03 03:59:36

    KevinUnuro

    Комментарий находится на модерации.
  15. 🕔2023-08-02 20:46:13

    KennethVax

    Комментарий находится на модерации.
  16. 🕔2023-08-01 22:26:02

    TimothyHed

    Комментарий находится на модерации.
  17. 🕔2023-08-01 22:25:53

    Zacharychurl

    Комментарий находится на модерации.
  18. 🕔2023-08-01 06:34:27

    EverettReush

    Комментарий находится на модерации.
  19. 🕔2023-07-31 20:51:25

    Matthewcox

    Комментарий находится на модерации.
  20. 🕔2023-07-31 08:58:07

    StevePrent

    Комментарий находится на модерации.
  21. 🕔2023-07-29 12:57:46

    KevinUnuro

    Комментарий находится на модерации.
  22. 🕔2023-07-29 05:41:07

    Bryanfug

    Комментарий находится на модерации.
  23. 🕔2023-07-29 00:22:01

    Jameselore

    Комментарий находится на модерации.
  24. 🕔2023-07-28 21:14:21

    Mathewerubs

    Комментарий находится на модерации.
  25. 🕔2023-07-28 20:07:44

    ShawnFonge

    Комментарий находится на модерации.
  26. 🕔2023-07-26 17:02:46

    Louiesek

    Комментарий находится на модерации.
  27. 🕔2023-07-25 05:05:02

    WinstonEtemy

    Комментарий находится на модерации.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея