Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫНА» ҚАТЫСУШЫ ШАБАНДОЗДАР АСТАНАДАН ТҮРКІСТАНҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

245 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-09-07

Астанада «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон бәйгесі басталды. Екінші рет ұйымдастырылып отырған сайысқа биыл 19 команда өте жақсы дайындалған. Төзімділік пен шыдамдылықты, қайсарлықты талап ететін сайыс Астана маңындағы Қаражар ауылынан басталды. Жарыс жолының қашықтығы 1300 шақырымды құрайды және бағыт Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын қамтиды. Марафон 19 қыркүйекте Түркістанда аяқталады. Жорық 14 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңнің қашықтығы – 50 шақырым. Одан кейін 12 кезеңде 100 шақырымды шауып өтеді. Соңғы 14-кезеңде шабандоздар 50 шақырымды бағындырып, Түркістанда мәреге жетеді. Кеше аттар ветеринариялық тексеруден өтті. Шабандоздар да дайындалған. Әр команда сапында 5 шабандоз бен 10 тұлпар бар. Марафонның жалпы жүлде қоры 65 млн. теңгені құрайды. Жеңімпаз команда 30 млн. теңге алса, екінші орынға – 20 млн. теңге, ал қола жүлдегерлерге 15 млн. теңге табысталады. «Ұлы дала жорығы» жобасын республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, «Аманат» партиясының, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Жобаның басты серіктесі – Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры. Былтыр «Ұлы дала жорығы» байқауының финалдық кезеңінде тұлпарлар Түркістан облысының Созақ, Сауран аудандарын басып өтіп, Түркістан төрінде мәреге жеткен болатын. Бірінші орынды Маңғыстау облысының «Көкмойнақ» командасы еншілесе, екінші орынға Жетісу облысының «Жетісу» командасы ие болды. Ал үшінші орынды Түркістан облысының «Теріскей» командасы жеңіп алды. Дүбірлі дода биыл былтырғыдан да тартысты өтеді деген болжам бар.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея