Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: сақ.кз

«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ»: ЖОРЫҚ ҚЫЗА ТҮСТІ

114 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-09-18

17 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 12-кезеңі Жаңақорғанда аяқталды. 12 кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы алғаш рет жеңімпаз атанды. Бұл жолы ақтөбелік шабандоздар мәре сызығын екінші болып, ал Түркістан облысының командасы үшінші болып кесіп өтті. Нағыз жүзден жүйрік анықталатын аламан бәйгенің 1150 шақырымы артта қалды. Сонымен қатар, бұл кезеңде былтырғы жарыста жеңімпаз болған әрі 11 кезең бойы көш алда келген – маңғыстаулық «Көкмойнақ», елорда шабандоздары мен Қарағанды облысының командасы аттарының болдыруына байланысты жорықты тоқтатты. Жоба ұйымдастырушыларының бірі Серік Абжанов 1150 шақырымды еңсеру сәйгүліктер мен шабандаздарға оңай болмағанын айтты. «Маңғыстау облысының командасына тиесілі 2 бірдей аттың сырғалығы тайды. Әрі қарай жылқының жағдайын ойлаған шабандоздар жорықты тоқтатты. Артынша Астана қаласы мен Қарағанды облысының командасы қатардан шығып қалды. Алдымызда 150 шақырым тұр. Бұл жорықта азаматтардың бір-біріне деген көзқарасы, қарым-қатынасы, қажыған сәтте бір-біріне дем беретін ер мінездері байқалды. «Ұлы дала жорығы» – қазанат пен азаматтың ерлігін көрсететін жер», - деді ол. Алда 2 кезең, яғни 150 шақырым қалды. Бүгін 6 команда таңғы сағат 7:00-ден бастап алғашқы 50 шақырымды еңсеруге аттанады. Түстен кейін 13-ші кезеңнің кезекті 50 шақырымын бағындыруы тиіс. Сонымен, командалар алдында 1250-інші шақырымды еңсеру міндеті тұр. Айта кетейік, Сыр елінен өтіп, ер түріктің бесігі Түркістанға бет алатын 1300 шақырымдық марафон-бәйгенің жеңімпаздары 19 қыркүйекте белгілі болады.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея