Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

"Жастар практикасы" аясында 2000-нан астам азамат жұмыспен қамтылды

63 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-09-18

Шымкентте «Жастар практикасы» жобасы аясында жыл басынан бері 2000-нан астам азамат жұмыспен қамтылды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберіндегі аталған жұмыспен қамту шарасы мемлекет тарапынан субсидияланады. Басты мақсат - 35 жастан аспаған жастарды, оның ішінде иеленген мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту.  «Жастар практикасы» жобасымен мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесін бастаған жастардың бірі – Әмина Әуезханова. Жоғары оқу орнының түлегі білім алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу үшін былтыр қалалық «Жұмыспен қамту» орталығының қызметіне жүгінген. Жұмыссыз ретінде тіркеліп, жолдамамен ерекше балаларға арналған «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығына жұмысқа орналасады. Бүгінде сол орталықта тұрақты жұмыс орнымен қамтылған.  -Мамандығым логопед-дефектолог. Кәсіби мамандыққа алған дипломым бойынша жұмысқа орналасқаныма өте қуаныштымын. Ерекше балалардың сөйлеу қабілеттерін барынша дамытуға күш салып, оңалту шараларын көрсетемін. Нәтижесін көргенде екі есе бақытқа кенелемін. Жұмыс берушілердің де көңілінен шықтым деп ойлаймын,- дейді Әмина Әуезханова. Жалпы «Жастар практикасы» жобасы аясында жастардың еңбекақы мөлшері 30 АЕК құрайды. Жұмыспен қамту мерзімі 12 ай. Кәсіби біліктілігін шыңдаған жастар көп жағдайда жұмыс берушінің ұсынысына қарай еңбек жолын сол мекемеде әрі қарай жалғастыруы мүмкін. ️Жобаға қатысуға ниетті жастар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша Шымкент қаласының «Мансап» орталықтарына жүгіне алады.  Мекен-жайлары: Әл-Фараби ауданы бойынша бөлімшесі А.Байтұрсынов және Ұ.Арғынбеков көшелерінің қиылысы 201 Абай ауданы бойынша бөлімше Ұ. Арғынбеков 243/3 Еңбекші ауданы бойынша бөлімше Әл-Фараби алаңы 3/2 Қаратау ауданы бойынша бөлімше «Нұрсат» ш/а, С.Бәйтереков 89 Тұран ауданы бойынша бөлімше Қазыбек би көшесі 50-де орналасқан.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея