
 Рухани мекен Түркістанда неке қию рәсімін ұтып алыңыз
 
 

 Халқымызда неке – қасиетті ұғым, беріктік шарты, отбасы құрудың негізі. Біз ғашықтарға рухани астана – Түркістанда неке қиюдың барлық жөн-жоралғысын өткізу мүмкіндігін сыйлаймыз!
 
 

 20 СЫЙЛЫҚТЫҢ БІРІН ҰТЫП АЛЫҢЫЗ
 
 

 «Шаңырақ» номинациясының жеңімпазына:
 
• Бару-қайту билеттері (ұшақ немесе көлік)
• 2 күн қонақ үйде тұру
• фотосет
•  неке қию рәсімі
• кешкі асқа жолдама
 

 «Махаббат» номинациясының 4 жеңімпазына:
 
• 2 күн қонақ үйде тұру
• фотосет
• неке қию рәсімі
 

 «Ару» номинациясының 4 жеңімпазына:
 
• фотосет
• неке қию рәсімі
• кешкі асқа жолдама
 

 «Жанұя» номинациясының 11 жеңімпазына:
 
• неке қию рәсімі
• фотосет
• сыйлық беріледі.
 

Байқау шарттары:
 

Байқауға ресми некедегі және өтінім берерде неке қию туралы куәлігі бар 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Үміткерлер 
neketour-turkistan.com сайтындағы өтінішті толтырып, жолдаулары қажет.
 
 

 Өтініштерді қабылдау 3-9 сәуір аралығында жүргізіледі.
 
 

 Жеңімпаздарды байқау комиссиясы анықтайды. Нәтижесі 2024 жылдың 10 сәуірінде жарияланады.
 
 

 Сыйлықтарды табыстау және жеңімпаздарға арналған арнайы бағдарлама 15-16 сәуір аралығында Түркістан қаласында өтеді.
 
 

 Толық ақпаратты парақшаның басты бетіндегі сілтемеге өтіп біле аласыздар.
 
 

 Репост жасап, өз сторисіңізде бөлісіңіз
 
 

 Іс-шараның ұйымдастырушысы: Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы жанындағы «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы