Руханият САРЫАҒАШТА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ Редактор 05.09.2023 10252 1 оқу мин Сарыағаш ауданыда алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 151 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» атты мерекелік шара өтті. Аталмыш шара барысында аудандағы қызмет атқаратын этномәдени бірлестіктердің тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін айшықтайтын арнайы көрме жасақталып, көпшілікке ұсынылды. Мерекелік шара барысында ауданымыздың өнерпаздары жас таланттармен бірге ән мен күйден шашу шашып, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, әрбір этнос өкілінің мемлекеттік тілді білуге деген ұмтылысын арттыру, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 151 жылдығы аясында оның еңбектерін дәріптеу, кеңінен насихаттау. Айта кетсек, бұл мереке алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күнімен байланысты. Биыл біртуар тұлғаның 151 жылдығы елімізде кең көлемде тойлануда. Сарыағаш ауданында да Ұлт ұстазының мерейтойына қатысты 100-ден астам шаралар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар шара барысында ауданның тіл жанашырлары және сала қызметкерлері арнайы Алғыс хатпен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады 1 оқу мин Руханият Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады 23.03.2025 106925 ТҮРКІСТАНДА ТУРИЗМ МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ ОРАЙ 2,5 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ДАЙЫНДАЛАДЫ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДА ТУРИЗМ МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ ОРАЙ 2,5 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ДАЙЫНДАЛАДЫ 11.03.2025 155442 «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті 1 оқу мин Руханият «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті 23.11.2024 580351