Саясат Өмірзақ Шөкеев мердігерлермен кездесті Редактор 28.01.2022 12814 1 оқу мин Мердігерлермен кездескен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев оларға құрылыс жұмыстарын белгіленген кестеге сәйкес, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Баспананың сапасын басты назарда ұстауды ескертіп, абаттандыру жұмыстарының барысына мән берді. Өмір сүруге қолайлы, туризм мен спорт кластері дамыған шаһарға айналып келетін шаһарда 200-ден астам нысан салынып жатыр. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев рухани астанадағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Түркістан облысында құрылыс жұмыстары бір сәтке тоқтаған емес. Өңірде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында ауқымды жұмыс қолға алынған. Тұрғын үйлердің құрылысы талапқа сай жүріп жатыр. Жаңадан бой көтерген үйлердің ауласына балалар алаңқайлары салынып, абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде. – Қазіргі таңда Түркістан қаласында 200-ден астам жаңа нысан мен ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Инвестициялық жобалардың саны артуда. Құрылыс компания басшыларымен кездесудің маңыздылығы белгілі. Жаңа нысандардың талапқа сай салынып, өз мерзімінде тапсырылуына күш саламыз, – дейді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев. Қалада бой көтерген 12 қабатты 39 үйдің құрылысы наурыз айында толық аяқталады. 7 қабатты 15 үйдің құрылысы аяқталып, сатылымға шығарылған. Баспанаға қолжетімділікті арттыру мақсатында Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің пәтерлері «Отбасы банк» арқылы және «7-20-25» бағдарламасы арқылы тұрғындарға ұсынылады. Былтыр жалпы алаңы 600 мың шаршы метрден асатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс орталығында қазіргі таңда бюджет есебінен 7, 9 және 12 қабатты 67 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі __ Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 5237 День Каспийского моря отмечают в Казахстане: экологические инициативы объединили волонтеров семи стран 1 оқу мин Саясат День Каспийского моря отмечают в Казахстане: экологические инициативы объединили волонтеров семи стран 12.08.2026 4784 Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 1 оқу мин Саясат Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 03.07.2026 11867