Саясат Неліктен қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра алмайды? Министрлік түсіндірді Редактор 19.02.2022 11243 1 оқу мин Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра алмайды. Препарат белгілі бір санатқа кіретін азаматтарға тегін салынады. Алайда көршілес елдерде қалаған адамдардың бәрі ақысын төлеп, Pfizer вакцинасын салдыра алады. Бұл ақпарат қазақстандықтардың түсінбестігін туғызды. Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев ОҚК-де өткен брифинг кезінде шетелдік компанияның Қазақстанға қандай талаптар қойғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Айтуынша, Pfizer компаниясы ақылы вакциналауға рұқсат бермеген. «Pfizer компаниясы ақылы вакциналау жанама саудаға алып барады деп санайды. Ал денсаулық сақтау министрлігі мен Pfizer компаниясы арасындағы келісімге сәйкес, вакцинаны жанама саудалауға тыйым салынған. Сол себепті біз Pfizer вакцинасын ақылы негізде салуға болмайды деген шешімге келдік», – деді Бүркітбаев. Есесіне Түркия, Қырғызстан мен Өзбекстан тұрғындары вакцинаны ақылы негізде салдыра алады. Бүркітбаевтан мұның себебі сұралды. Вице-министрдің айтуынша, Pfizer компаниясы бұл елдерге препаратты гуманитарлық көмек ретінде жеткізген. Ал неліктен Қазақстанға ерекше талап қойылып, өзге елдерге рұқсат етілгені жөнінде Бүркітбаев америкалық фарм-гиганттан жазбаша жауап алғаннан кейін жауап беруге уәде берді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 1 оқу мин Саясат Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 01.10.2026 5698 Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 1 оқу мин Саясат Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 01.10.2026 4733 Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 10458