Саясат МАҚТААРАЛДА РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ ӘЖЕЛЕР ШАШУ ШАШТЫ Редактор 05.06.2022 18763 1 оқу мин Мақтаарал ауданы, Алғабас ауылының әжелері референдум учаскесінде шашу шашты. Көп балалалы аналар елімізде өтіп жатқан бүкілхалықтық референдумның халық үшін зор қуаныш, үлкен той екенін атап өтті. «Жаңа Қазақстанды құру жолындағы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамаларын ел болып қолдауымыз керек. Бала-шағамыздың, немере-шөберелеріміздің жарқын болашағына сенім артып дұрыс таңдау жасау үшін бүгін ауылдың әжелері болып учаскеге келдік» — деді ақ жаулықты әжелер. Қазақтың салт-дәстүріне өте берік ауылдың әжелері өздерінен соң орта жастағы келіндері мен жас келіндері референдумға қатысуға келетіндерін айтты. Сонымен қатар, әжелер ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін жеткізді. Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 59 референдум учаскесі таңнан бері жұмыс істеп тұр. Аудан аумағында республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 70587 азамат тіркелген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 1 оқу мин Саясат Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 01.10.2026 5698 Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 1 оқу мин Саясат Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 01.10.2026 4733 Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 10458