Саясат ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ІШІНДЕ 8 КАНДИДАТ ҚАНА ТАЛАПҚА САЙ Редактор 14.10.2022 10647 1 оқу мин Орталық сайлау комиссиясында өткен ашық отырыста комиссия өкілдері ҚР Президенттігіне үміткер қанша кандидаттың талапқа сай болып шыққанын мәлім етті. «Жалпы 12 үміткер Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Біз өз кезегімізде құжаттардың сәйкестігін тексеріп, заңға сүйене отырып бүкіл жұмысты жүргіздік. 3 үміткер талапқа сай болмай шықты. Тағы бір үміткерге сот ұйғарымы бар, оған қатысты шешім кейін шығады. Бұл жұмыс әлі жалғасып жатыр. Біз оны тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдаған жоқпыз. Ал жалпы қалған бүкіл үміткерлердің сәйкестік мәселесін толық қарадық», — деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман. Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу жұмысы 21 қазан мен 18 қараша аралығында өтеді. Яғни 28 күнге созылады. Үгіт жүргізу 18 қараша күні сағат 18:00-де тоқтатылады. 19 қараша — сайлау алдындағы тыныштық күні. Дауыс беру 2022 жылғы 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін өтеді. Ал үміткерлерді тіркеу, қол жинау 21 қазанға дейін жалғасады. Әр кандидат 118 273 сайлаушының қолын жинауы тиіс. Еске салсақ, елімізде 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялары қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 1 оқу мин Саясат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 21.03.2026 9115 ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 166626 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 198844