Саясат ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ РЕТІНДЕ ТІРКЕЛДІ Редактор 17.10.2022 13108 1 оқу мин Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді. Айта кетейік, Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынған болатын. «2022 жылғы 4 қазанда оны «Ауыл» саяси партиясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы құжаттар ОСК-ға ұсынылды. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ұсыну жөніндегі жоғары орган отырысының хаттамасынан үзінді көшірмелер Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі, Президенттікке кандидатураны ұсынуға келісім беру туралы өтініші, сондай-ақ өмірбаяндық деректері мен сайлау жарнасының төленгенін растайтын құжаттар ұсынылды», деді ҚР ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен кандидатураның заң талаптарына сәйкестігі анықталды. Сондай-ақ кандидатқа азаматтардың даусын жинау үшін қол қою парақтары берілді. «Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес, ҚР Президенттігіне кандидатты қолдауға уәкілетті тұлғалар еліміздің барлық 20 өңірінде 125 081 азаматтың қолын жинады. Оның 122 246 қолы тексеріліп, 119 975-і сенімді деп танылды», деді Асылбек Смағұлов. Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді. ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатқа тіркеу туралы куәлікті табыс етті. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мейрам Қажыкенді Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеген болатын. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 1 оқу мин Саясат Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 03.07.2026 5318 Экономический рост Центральной Азии: что способствует развитию региона 1 оқу мин Саясат Экономический рост Центральной Азии: что способствует развитию региона 03.07.2026 4746 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 1 оқу мин Саясат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 21.03.2026 24186