Саясат ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 300 ТҮП ШЫРША АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ Редактор 23.10.2022 11479 Республика күні қарсаңында Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт бастаған аудан тұрғындары мен зиялылары және ерікті жастары «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойындағы жаңадан бой көтеріп жатқан «Ұлы дала қырандары» аллеясында бас қосып, 300 дана қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін отырғызды. Кейінгі жастарға үлгі боларлықтай іске ұйытқы болған жандарға аудан ақсақалдары ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді. Айта кетейік, бүгінгі таңда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан аудан орталығына кірер тұсында аудан әкімдігінің қолдауымен аудан тұрғындарының демеушілігімен «Ұлы дала қырандары» аллеясы соғылуда. Жалпы 2 гектар аумақты алатын демалыс орнына жолаушылардың демалып, сергіп алуы үшін барлық жағдайлар жасалатын болады. Сонымен қатар алдағы уақытта Қазақ елінің біртуар азаматтары Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза және Балуан Шолақтың ескерткіштері бой көтермек. Айналасы толық абаттандырылып, көгалдандырылады. Бүгінгі таңда Түлкібас ауданының тумалары ауыл көркін ажарландыра түсетін нысанды көтеруге өзара 150 млн. теңге қаржы жинап, құрылыс жұмыстарын іске асыруда. Нысан биыл қараша айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ 06.05.2026 9075 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 1 оқу мин Саясат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 21.03.2026 16622 ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 171091