Саясат ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕКТЕП ПЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Редактор 23.10.2022 3670 1 оқу мин Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Республика күні қарсаңында Орал Нарбаев атындағы 150 орындық бастауыш мектебі мен «Ай-Фарма» медициналық орталығы пайдалануға берілді. Әлеуметтік маңыздағы ғимараттардың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Арман Абдуллаев құттықтау сөз сөйлеп, лентасын қиды. Екі нысан да кәсіпкерлердің жеке инвестициясы арқылы бой көтерген. Мерейлі мерекеге орай аудан орталығында білім ордалары мен мәдениет қызметкерлері тарапынан арнайы көрмелер қойылып, спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Ел игілігі үшін жасалып жатқан игі шаралар жоғары дәрежеде өткізілді. Арман Айдарұлы барша қазығұрттықтарды Республика күнімен құттықтап, ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. Аудандық іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Діни-экстремистік бағытты насихаттаған 8 адам сотталды 1 оқу мин Саясат Діни-экстремистік бағытты насихаттаған 8 адам сотталды 30.04.2024 997 ҚАЗАҚ ЖАЙЛЫ ТУЫНДЫ 1 оқу мин Саясат ҚАЗАҚ ЖАЙЛЫ ТУЫНДЫ 25.04.2024 3229 Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 1 оқу мин Саясат Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 24.04.2024 3159