Саясат ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ МАҢЫЗДЫ Редактор 31.10.2022 13440 1 оқу мин Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Ақтөбе облысына барды. Хромтау ауданындағы «Акмэз» ЖШС май экстракциялық зауытына арнайы барып, өндіріс ошағының тыныс-тіршілігімен танысты. Май өнеркәсібі бүгінде өсімдік майына деген сұраныстың артуына байланысты агроөнеркәсіптік кешеннің неғұрлым перспективалы және тез дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Дайын өнім қазақстандықтардың ғана емес, бүкіл әлемдегі сатып алушылардың тұтыну қоржынында ерекше орын алады. Кездесу барысында Жигули Дайрабаев саланы дамыту үшін қолға алынуға тиіс бастамаларға тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде аграрлық салада тепе-теңдік жоқ. Кезінде ішкі өңдеуді дамыту үшін шектеулер енгізілген. «Май экспортына енгізілген кез келген шектеулерді алып тастау керек. Осылайша отандық зауыттардың өндірістік жүктемесі артып, бәсекелестік орнайды. Сонымен қатар, күнбағыс тұқымдарының экспортын өндіріс көлемінің 40% деңгейінде белгілеген дұрыс. Бұл шара май зауыттары мен экспорттаушылар арасында ақылға қонымды бәсекелестік құруға мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді, өйткені кей жағдайларда квоталарды нақты май тұқымы жоқ компаниялар алып, үшінші компаниялар экспортқа жіберген. Өсімдік майы бағасының өсуіне байланысты май өңдеу саласында отандық өндірісті дамыту мәселесі өте өткір тұр», деді Ж.Дайрабаев. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 1 оқу мин Саясат Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 03.07.2026 5266 Экономический рост Центральной Азии: что способствует развитию региона 1 оқу мин Саясат Экономический рост Центральной Азии: что способствует развитию региона 03.07.2026 4746 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 1 оқу мин Саясат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 21.03.2026 24186