Саясат МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН СЕМЕЙДЕГІ ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ Редактор 02.11.2022 14077 1 оқу мин Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Семей қаласында жалғасты. Үміткер барған алғашқы нысан «Семей инжинеринг» зауыты болды. Кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу барысында кандидат экономикалық реформалардың бір бөлігі ретінде ең төменгі жалақыны қалыптастыру тақырыбына тоқталды. – Бүгінгі таңда ең төменгі жалақының (ЕТЖ) қалай анықталатыны белгісіз. Мен оны индекстеуді ашық етіп қана қоймай, ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) дамыған елдерінің деңгейіне жеткізуді ұсынамын. Тиісінше ЕТЖ 60 мың теңгені емес, кем дегенде 150 мың теңгені құрайтын болады,- деп нақтылады үміткер. Кандидат азаматтық қоғам тақырыбына тоқталып, бұл сайлауалды бағдарламасының негізгі бөлімі екенін атап өтті. – Мемлекет әрбір азаматқа өзін-өзі дамыту үшін қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасауы керек. Азаматтың өзі әлеуметтік серіктестік, атап айтқанда кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы, азаматтық қоғам институттары арқылы өмір сүру жағдайларын өзгерте алатын үдерістерге қатысуы керек. Бұл – біздің алға қойған мақсатымыз, — деді үміткер. Айта кетейік, бұл орын 1987 жылы ашылғаннан бастап 2004 жылға дейін «бронды жөндеу зауыты» деп аталған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 1 оқу мин Саясат Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 01.10.2026 5698 Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 1 оқу мин Саясат Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 01.10.2026 4733 Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 10458