Саясат ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНДА ҰРЛАНҒАН 1900-ДЕН АСТАМ ҚАРУ ӘЛІ ТАБЫЛҒАН ЖОҚ Редактор 05.01.2023 3722 1 оқу мин Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Парламент Мәжілісінің кулуарында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару жайлы айтып берді. Оның мәліметінше, қазіргі уақытта 4 мыңнан астам ұрланған қару табылды. «Олардың басым бөлігі жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында табылған. 500-ден астам схрон табылды. Ұрланған қарудың басым бөлігі Тараз және Талдықорған қалаларында болған. Бүгінгі таңда 1900-ден астам қызметтік және азаматтық қару әлі де табылған жоқ. Полиция қызметкерлері қаруды табу және тәркілеу бойынша белсенді шаралар қабылдап жатыр», деп нақтылады Санжар Әділов. Оның айтуынша, бүгін депутаттар мен журналистердің назарына заттай дәлелдемелер мен оқ-дәрілердің үлгілері ұсынылды. «Барлық даналар шынайы, бутафория жоқ. Бұл жерден автоматтарды, тапаншаларды және тіпті граната атқыштарды да көруге болады. Айта кетсек, көрмеде қарудың аз ғана бөлігі ұсынылған», деп қосты С. Әділов. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Діни-экстремистік бағытты насихаттаған 8 адам сотталды 1 оқу мин Саясат Діни-экстремистік бағытты насихаттаған 8 адам сотталды 30.04.2024 997 ҚАЗАҚ ЖАЙЛЫ ТУЫНДЫ 1 оқу мин Саясат ҚАЗАҚ ЖАЙЛЫ ТУЫНДЫ 25.04.2024 3180 Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 1 оқу мин Саясат Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 24.04.2024 3146