Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жұмабай Абдиев 2022 жылы атқарған жұмыстары мен 2023 жылдың жоспарларымен бөлісу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Жұмабай Ғаппарұлы баспасөз мәслихатында бөлімнің, бөлімге қарасты мекемелердің қызметтеріне тоқтала кетіп, атқарылған жұмыстарға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына арнаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауы жазылған 2000 дана әдістемелік үгіт құралдары шығарылып, таратылды. Жолдауды насихаттау мақсатында 54 мақала, сұхбат, ой-пікірлер жарық көріп, 12 дана билборд ілінді. Мемлекеттік рәміздердің дұрыс орнатылуы бойынша 87 мониторинг жүргізіліп, 300 әдістемелік нұсқама дайындалды. Рәміздердің 30 жылдығына орай, орталық алаңда арнайы флешмоб ұйымдастырылып, әнұранды бір мезетте орындау акциясы өтті. Аудандағы 6 этно-мәдени орталықтарының қатысуымен 11 кездесу ұйымдастырылып, спорттық, мәдени шаралар тұрақты түрде өткізілуде. «Қазақстан Достық мекені” атты тақырыпта түсірілген бейнеролик түсірілді. Аудан аумағында 14 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Аудан аумағында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында 8 семинар тренинг өтті. Ауданда жалпы 70 діни бірлестік әділет органдарынан тіркеуден өткен. 60 мешіттің құжаттары заңдастырылып, 4-нің құжаты рәсімделу үстінде. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында бөлімінің тапсырысымен «Өкініш» ролигі, «Адалдық әділ нәсіп» атты қысқаметражды фильмі түсірілді. 2022 жылғы әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жемқорлықсыз өмір – баянды болашақтың кепілі» ролигі әзірленді. «Жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында брошюралар таратылды. «Жылжымалы қоғамдық қабылдау керуені» атты мобильді автокеруені халық арасында арнайы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өзекті мәселелермен тұрғындарды жеке қабылдады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының негізгі 5 жобасы бойынша аудан аумағында 175 іс-шара өткізілді. Отбасы істері және гендерлік саясатты іске асыру бағытында 4 рет комиссия отырысы өткізіліп, 12 тақырып қамтылып, 37 іс-шара ұйымдастырылды. Төлеби ауданына 90-жыл толуына орай, қазақ халқының 7 ұлттық спорт түрінен Түркістан облысының 14-29 жас аралығындағы жастар арасында «Көшпенділер ойыны» атты облыстық сайысы өтті. «Төлеби ауданы ойындары-2022» ашық біріншілігі спорттың 6 түрінен өткізілді. «Туған өлке тарихы» атты интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығында жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және мәдениеттілікке, спортқа баулу мақсатында 3 үйірме жұмыс жасайды. Аудан аумағындағы 230 жастан құралған «Мейірім» еріктілер клубы жұмыс жасайды. 160 отбасыға қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылды «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 15 студент жас алғаш рет еңбекке тартылып, жұмыс атқарды. «Жастар ресурстық орталығы» облыстық «Turan» интеллектуалдық ойындарының 3-орын иегері; Мекеме Түркістан облысы бойынша 2022 жылдың қорытындысымен «Үздік Жастар ресурстық орталығы КММ-сі» номинациясының жеңімпазы атанды.