Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ АЗАМАТТАР САНЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР Редактор 07.02.2023 17443 1 оқу мин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауын өткізу туралы мәлімдегені белгілі. Саяси дода 19 наурызға белгіленді. Жалпы, Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлерді ұсыну сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күннен басталады. Сөйтіп, 20 күнге созылады. Осылайша, 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін созылады. 18 наурыз – «тыныштық күні». Сайлау күні учаскелерде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін азаматтар дауыс бере алады. Бұдан кейін учаскелік сайлау комиссиялары дауыс санауға кірісіп, оның нәтижесі туралы хаттама толтырады. Дода 59 күнге созылмақ. Сайлау өткізілетіні белгілі болғаннан бастап Орталық сайлау комиссиясы саяси додаға дайындықты бастап кетті. Солардың бірі – электораттың тізімін жасау. Өйткені азаматтар осы арқылы конституциялық дауыс беру құқығын жүзеге асырады. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, қазіргі таңда елімізде 12 миллионға жуық адам дауыс беруге қатыса алады. Тізімге азаматтар тұрақты тіркелген жері бойынша қосылады. Бұдан бөлек, дауыс бергісі келетін азаматтарға учаскелеріне өтінім беру мүмкіндігі қарастырылып отыр. Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес, республикада тұрғылықты жері бойынша бөлінген 11 970 406 сайлаушы енген. Түркістан облысында сайлауға қатысу құқығына ие азаматтар саны бойынша бірінші орында тұр (1 177 507 адам). Ал ең азы – Ұлытау облысында тіркелген (138 277 адам). Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 1 оқу мин Саясат Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 03.07.2026 5164 Экономический рост Центральной Азии: что способствует развитию региона 1 оқу мин Саясат Экономический рост Центральной Азии: что способствует развитию региона 03.07.2026 4714 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 1 оқу мин Саясат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 21.03.2026 24186